• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Мырзабосынов спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады

Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2024» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2024 жыл отандық спорт үшін ерекше жыл болғанын атап өтті. Қазақстандық спортшылар биыл халықаралық ірі жарыстарда табысты нәтиже көрсетсе, елімізде ірі жарыстар ұйымдастырылды.

«Биылғы жылдың басты додасы Париж Олимпиадасы мен Паралимпиада болғаны анық. Біздің құрама тарихи жетістіктерге қол жеткізді. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында дзюдодан бұйырған алғашқы алтын медаль. Гимнастикадан алғаш рет Олимпиада медалін жеңіп алдық. Ол жүлде Нариман Құрбановқа бұйырды. Давид Дегтярев пара-пауэрлифтингтен екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Пара-дзюдошы Ақмарал Науатбек Олимпиада шыңын бағындырды», – деді министр.

Сонымен қатар биыл Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны ұйымдастырылды. Көшпенділер додасына 89 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен спорт саласында оң өзгерістер басталды. Келесі жылы отандық спортшыларды бірнеше байрақты бәсеке күтіп тұр. 2025 жылдың ақпан айында спортшыларымыз Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындарына қатысып, қысқы Олимпиада лицензиясы үшін сынға түседі. Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2024 жылы спортшыларымыз жаман нәтиже көрсеткен жоқ, жаңа жылдан одан да үлкен жеңістер күтеміз», – деді Ербол Мырзабосынов.

Жыл қорытындысы бойынша «Үздік» деп танылғандар:

🔹 Елдос Сметов, Давид Дегтярев – «Жылдың үздік спортшысы»;

🔹 Ғалымжан Жылгелдиев, Юрий Колесников – «Жылдың үздік жаттықтырушысы»;

🔹 Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы – «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы»;

🔹Қуанышбек Есекеев, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті – «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясының президенті»;

🔹Еркебұлан Ілиясов, «Жамбы ату федерациясы» РҚБ президенті – «Үздік спорт меценаты»;

🔹Kaz Minerals - «Үздік спорт меценаты»;

🔹Ғизат Түсіпаев – «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы»;

🔹Ерлан Тасболатов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері»;

🔹Дархан Шариғатов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы»;

🔹Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі – «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі»;

🔹Алматы қаласындағы «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» – «Жылдың үздік спорт ұйымы»;

🔹Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы – «Үздік спорттық өңір»;

🔹Илья Мизерных – «Жас және жасөспірімдер құрамындағы спортшы»;

🔹Сергей Сергеев – «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы»;

🔹Надежда Ким – «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман»;

🔹Ақмарал Науатбек – «Спортта үздік серпін»;

🔹Жандос Айтбайұлы («Хабар» телеарнасы), Қуаныш Нұрданбекұлы («Егемен Қазақстан» газеті), Назерке Сұлтанбек («Sport+» сайты) – Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаттары.

  • 25.12.2024
  • 58
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика