- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Талдықорғанды дамытудың 3 негізгі бағыты
Кеше Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесуді қорытындылай келе, қала дамуының негізгі бағыттарына тоқталайын. Біріншісі - қаланың қауіпсіздігі. Ол үшін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде орнатылатын камера саны 585-ке, жол қауіпсіздігі үшін «Сергек» камерасының саны 136-ға жеткізіледі. Екіншісі - қала тұрғындарын тұрғын үймен, жылумен, электрмен, сумен, газбен, сапалы жолмен қамтамасыз ету, сондай-ақ аурухана, мектеп, мәдениет және спорт объектілерін салу, сол арқылы қолайлы қала құру. Үшіншісі - әдемі әрі жасыл қала. Бұл аула мен воркаут алаңдарын, саябақтарды, скверлерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, көп қабатты үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу. Экономиканы жүйелі дамытудың осындай шараларының барлығы бірінші кезекте Президенттің тапсырмаларына сәйкес халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
- 26.12.2024
- 62