- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Биыл Талдықорғанда 69 аула абаттандырылды
Осы жылы Талдықорғанда көп қабатты 28 үйдің шатырына және көп пәтерлі 10 үйдің қасбетіне жөндеу жүргізілді. Келесі жылы бұл жұмыстар жалғасып, оған 1,4 млрд теңге қарастырылады. Оған қоса биыл қалада 69 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталды.
«Ұлан» шағын ауданындағы аулалардың проблемасы жылдар бойы шешілмей келе жатқан еді. Өткен жылғы кездесуде осы түйткілді мәселе айтылды. Бүгінде шағын аудандағы көп қабатты 25 үйді түгел қамтитын 5 ауланы бірден абаттандыру бойынша кешенді жұмыс атқарылды. Қалған көп қабатты 11 үйдің 4 ауласында абаттандыру жұмыстары келесі жылы жалғасады.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/909094?lang=kk
- 26.12.2024
- 45