• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында 2025 жыл «Кітап оқу жылы» деп жарияланды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Қабырғалы қаламгерлермен өңірді дамытудың мүмкіндіктерін талқылап, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Өңір басшысы өтіп бара жатқан жылды қорытындылап, өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуы мен 2025 жылға арналған жоспарларды кеңінен тарқатып айтып берді. Көркем сөз шеберлерін Қазақстан Жазушылар Одағының 90 жылдығымен құттықтады.

Жергілікті қауырсын қалам иелерін қолдау мақсатында 24 ақын-жазушының кітабы жарық көрді.

- Мемлекет басшысы «Әдебиет – ойымыздың тереңдігі мен рухымыздың асқақтығын айғақтайтын ұлы қазына» деп атап өткендей, қай кезеңде болмасын әдебиет ұлтты тәрбилеуші басты құрал болып қала береді. Біздің басты міндетіміз – жастарды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізге сай тәрбиелеу. Әсіресе, қазіргі жаһандану кезеңінде ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалудың маңызы зор деп білемін. Бұл аса жауапты мәселеде Сіздердің салмақты ойларыңыз бен әрбір шығармаларыңыз өскелең ұрпаққа рухани азық, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысында «Тараз - кітап оқитын қала» жобасы аясында 2025 жыл «Кітап оқу жылы»болып жарияланғанын хабарлады.

Келер жылы тарихи жер-су атауларына байланысты «Әулие Ата аңыздары» атты жинақ жарыққа шығады.

2025 жылы Таразда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ТМД елдерінің «Достастық жәрмеңкесі» өтеді.

Сонымен бірге келер жылы белгілі тұлғалар мен жазушылардың мерейтойларын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.

Кездесу барысында жазушы Пернебай Дүйсенбин, жазушы, драматург Елен Әлімжан, ақын Шырын Мамасерікова, ардагер журналист Бекет Момынқұл, жазушы Сабырғали Рысбай, қос ақын Үміт Битенова мен Ғайни Әлімбекқызы сөз сөйледі.

Оқушыларға тарихи экскурсиялар ұйымдастыру, тарихи және сәулеттік мұра – Әулиата кезеңіне тиесілі ғимараттарды сақтау, аты аңызға айналған алып тұлға, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойы аясында іс-шаралар өткізу, жергілікті ақындар мен жазушылардың шығармашылығын дәріптеу туралы ұсыныстар айтылды.

Облыс әкімі барлық ұсыныс-тілек ескерілетінін атап өтіп, алдағы уақытта әдебиет пен мәдениетті дамытудың өзекті мәселелері дәстүрлі кездесулерде талқыланатынын жеткізді.

  • 26.12.2024
  • 88
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика