• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында спорт саласының үздіктері марапатталды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады.

Салтанатты шарада өңір басшысы сөз алып, 2024 жыл жамбылдық спортшылар үшін есте қаларлық және табысты болғанын атап өтті. Ол қасиетті Әулиеата жерінен шыққан спортшылардың есімі төрткүл дүниеге танылғанын мақтанышпен айтты.

Биыл еліміз бойынша Жамбыл облысы «Үздік спорттық өңір» атанды.

Республикалық, халықаралық додаларда өңір спортшылары 1 800-ге жуық медальға ие болды.

885 жамбылдық спортшы Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, толағай жетістіктерге жетіп жүр. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аймақтан 17 спортшы қатысып, 18 медальға ие болды.

Жамбыл облысында 2 353 спорт нысаны бар болса, оның 111-і 2024 жылы бой көтерді. Нәтижесінде спортпен жүйелі түрде шұғылданатын халық саны - 40,2-ден 41,2 пайызға ұлғайды (2023 ж. - 492 мың адам, 2024 ж. - 503,3 мың адам).

Ербол Қарашөкеев мемлекет тарапынан спортшыларға айрықша қамқорлық жасалып отырғанын айта келе, сала үздіктеріне құрмет көрсетті.

Атап айтқанда, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов, XVII жазғы Паралимпиада ойындарында күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали, көкпаршы, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Құрманбек Тұрғанбек, джиу-джитсудан Әлем чемпионатының 6 дүркін жеңімпазы Аяна Иса «Үздік спортшы» атанды.

«Үздік жас спортшы» атағы ҚР чемпионатының жеңімпазы, жастар арасында Азия және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Юсуф Ашраповқа берілді.

«Үздік жаттықтырушы» аталымына Ғалымжан Жылгелдиев, Саттар Бейсембаев, Еркебұлан Әбдіров, Ерлан Сембеков, Ғани Назымбеков, Асылжан Байзақов, Мұхтар Бердімбетов сынды білікті бапкерлер ие болды.

Сондай-ақ үздік бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығы, спорт мекемесі, бөлімі, мектебі, федерация, нұсқаушы, әдіскер, ауыл жаттықтырушысы, мобилограф, жаңалық жаршысы номинациялары бойынша үздіктер анықталды.

Бұдан бөлек, байрақты бәсекелерде топ жарған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына қаржылай сертификат тапсырылды.

Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов те сөз алып, әріптестеріне түрлі деңгейдегі марапатты табыс етті.

Салтанатты шара барысында рухты әндер шырқалды, домбыраның күмбірлеген күйіне бишілер мың бұрала биледі. Жас спортшылар өнерін ортаға салып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Облыстық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Тәуірбек Қарауылтегі топ жарған спорт саңлақтарына ақ батасын берді.

Марапаттау рәсімі Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

  • 30.12.2024
  • 68
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика