- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Естай атындағы мәдениет үйінде облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының тұрғындарымен кездесу
Естай атындағы мәдениет үйінде облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының тұрғындарымен кездесіп, өткен жылдың қорытындысын шығарды, 2025 жылдың жоспарлары туралы баяндады және өзекті сұрақтарға жауап берді.
Өңір басшысы облыс орталығының инфрақұрылымын дамыту оның тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
Биыл Қамзин көшесі бойындағы ірі ЖМ-13 жылу магистралінің құрылысы аяқталды. Оның іске қосылуының арқасында 70 мыңнан астам адам тұратын 230 көпқабатты тұрғын үйдің жылу режимі жақсарды. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 1,8 км жылу желілерінің 9 учаскесіне жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілді.
Магистральдық су құбырларын ауқымды реконструкциялау жалғасуда. Диаметрі 1.200 мм болатын 4,6 км жаңа су құбырының құрылысы басталды. Бұл жұмыстар келесі жылы аяқталады.
Тұрғындардан қаланың шағын аудандарында электр қуатының жиі сөніп қалатыны туралы шағымдар жиі келіп түсті. Сондықтан, электр желілеріндегі апаттарды азайту үшін биыл 148,2 км әуе желілері, 35,2 км кабель желілері жөнделді, 60 толық.
Павлодар өнеркәсіптік өндіріс көлемі, құрылыс жұмыстары және инвестиция тарту бойынша еліміздің облыс орталықтары арасында үздік бестіктің қатарында.
Соңғы екі жылда инвестиция көлемі жарты триллион теңгеден асты, 1500-ден астам кәсіпкерге қолдау көрсетілді. 37 жаңа инвестициялық жоба іске асырылды.
Әлеуметтік сала маңызды бағыт болып қала береді. 2024 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге 12 мектеп жөнделді. Келесі жылы 1,1 млрд теңгеге 5 мектеп пен 5 балабақшаны жөндеу жоспарлануда.
Қосымша білім алу үшін жағдай жасау мақсатында жақында екінші Павлодарда тұратын 18 мың балаға арналған «Алтын сақа» жаңа инновациялық орталығы ашылды.
Сонымен қатар, Асайын Байханов келесі жылы іске асырылатын ауқымды жобалар туралы айтты. Лермонтов көшесі мен Ертіс жағалауын абаттандыру бойынша екі ауқымды жоба аяқталады.
Өңірдегі алғашқы заманауи қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы басталады. Кәсіпорынды 2025 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда.
Ел Президентінің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында келесі жылы 1800 орындық екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, облыс орталығында мұз сарайы мен көркем гимнастика орталығының құрылысы басталады.
трансформаторлық қосалқы станцияда және 126 трансформаторлық қосалқы станцияларда жөндеу жүргізілді.
Сондай-ақ, инвестициялық бағдарлама аясында 60 жылға жуық жұмыс істеген ескі станцияға қарағанда екі есе қуатты солтүстік қалалық қосалқы станцияның құрылысы аяқталды.
Жаңа қосалқы станция қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі тұтынушыларды сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге және жаңа нысандарды электрмен жабыдықтау үшін қосымша электр қуатын алуға мүмкіндік береді.
Биыл облыс орталығындағы 13 көшенің 33,5 км жолының асфальт жабыны жаңартылды. Сонымен қатар, «Горторг» шағын ауданындағы жеке сектордың 9 көшесінің 6,8 км қара жолына асфальт төселді.
Келесі жылы қаладағы 14 көшенің 44 км жолына, сондай-ақ, Элеватор және МДС шағын аудандарының жеке сокторындағы 22 көшенің 17,2 км қара жолына асфальт төсеу көзделген. Бұдан басқа, Шарбақты көпірі ауданындағы автодромға күрделі жөндеу жүргізілетін болады.
Магистральдық көшелерді жөндеуден басқа, соңғы жылдары жеке сектор мен әлеуметтік нысандарға көп көңіл бөлінуде.
Осы жазда 80 аула ішіндегі аумақтар мен өтпе жолдарға асфальт төселді. 20 мектеп пен 3 денсаулық сақтау нысанының ауласындағы асфальт жабыны жаңартылды. Келесі жылы 107 аула, 13 мектеп және 3 аурухананы қамту жоспарлануда.
Қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау үшін 108 балалар алаңы, 30 стритворкаут, 30 стритбол алаңы және жасанды жабыны бар 12 жаңа шағын футбол алаңы орнатылды.
Келесі жылы 50 ойын және 60 стритбол алаңын, 55 стритворкаут, 85 күштік тренажерларды, 10 шахмат үстелін және 25 шағын футбол алаңын орнату жоспарланған.
Қалалық аумақтар да жақсартылуда. Биыл 8 шағын сквер мен бір құрғақ субұрқақты абаттандыру жұмыстары аяқталды. Жаңартылған «Зеленая роща» шаңғы орталығы өз жұмысын бастады, шаңғы трассасы жөнделді, бұл республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.
2025 жылы 17 шағын сквер абаттандырылады, «Орталық» скверіне ағымдағы жөндеу жүргізіледі, «Усолка» эко-саябағын абаттандыру, сондай-ақ, Усолка шағын ауданындағы «Ертіс» шаңғы базасы мен Өзен вокзалын қосатын жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады.
Сондай-ақ, 2 жыл ішінде қоғамдық көліктердің жылжымалы құрамы жаңартылды. Қаланың автокәсіпорындары 169 заманауи автобуспен толықты, оның ішінде биыл 71 автобус сатып алынды. 2025 жылы тағы 35 жаңа автобус жеткізіледі деп күтілуде, сол арқылы Павлодарда барлық ескі автобустар заманауи қоғамдық көлікке ауыстырылады.
Биылғы жылы «KazMinerals» компаниясының демеушілік қаражаты есебінен теміржол вокзалына күрделі жөндеу жүргізілді.
Өздеріңізге белгілі «Алюминстройдағы» ескі үйлердің барлық тұрғындары жаңа пәтерлерге қоныстанды. Қазіргі таңда «Достық» шағын ауданының құрылысы жалғасуда. Мұнда келесі жылы 7 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.
Биылғы жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында ЖАО кезекте тұрған 964 адамға жаңа баспана берілді.
Облыс әкімі өңірдің тұрақты дамуы үшін инвестициялық әлеуетті арттыру қажеттігін ерекше атап өтті.
- 31.12.2024
- 40