• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жұмысшы мамандықтарының жылы: Жамбыл облысында 120-дан аса іс-шара өтеді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асыру барысы талқыланды.

Жалпы, облыстық жоспарда 120-дан аса іс-шара қаралған.

Аймақ басшысы Президент жүктеген міндеттерді сапалы орындау, «Жұмысшы мамандықтары жылының» түпкі мақсатына айрықша басымдық беру, іс-шаралар тек есеп үшін емес, нақты нәтижеге негізделу керектігін баса айтты.

Жиында баяндама жасаған облыстық білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұловтың айтуынша, басқарма тарапынан жоспарға 50-ге жуық іс-шара енгізілгенін атап өтті. Барлық мақсат-міндет жұмысшы мамандықтарын дамытуға, жас түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталып отыр.

Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында колледж студенттері үшін 2 жатақхананың (жалпы 240 орындық) құрылысын жүргізу, 6 салалық хаб, 2 жаңа мамандық, «автомобиль құрастыру» мамандығы бойынша шетелдік білім беру ұйымының филиалын ашу, сондай-ақ «1С» сертификаттау орталығын құру көзделген.

Сондай-ақ өңірде «Жаңа мамандықтардың атласы» жобасы іске қосылды. Бұл бастама өнеркәсіп, тау-кен, ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм салаларында пайда болатын жаңа, сұранысқа ие кәсіптер мен мамандықтарды жүйелеуге және талдауға мүмкіндік береді.

Биыл колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында №10 Шу және Қаратау құрылыс-техникалық колледжін күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жасалған.

2024-2025 оқу жылы 70 мамандық бойынша 7 486 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Оның ішінде 455 студент кәсіпорындарға қажет мамандық бойынша оқуға қабылданды. Осы ретте колледждер мен жұмыс беруші кәсіпорындар арасында 109 келісімшарт жасалғанын айта кету керек. Сонымен бірге 13 жұмыс берушінің есебінен 26 студент білім алуда.

Ербол Қарашөкеев еңбек ардагерлерін өскелең ұрпаққа үлге ету, ауылдық елді мекендерден келген студенттерді жатақханамен қамту маңызды міндет екенін алға тартты.

Сонымен бірге облыс әкімі білікті маман жетіспеушілігі бар салаларды кадрлармен қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі кәсіпорындардың қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесін кең көлемде ұйымдастыруды, «Жаңа мамандықтар атласы» жобасын сапалы іске асыруды міндеттеді. Дуальды оқытудың ауқымын кеңейтіп, студенттердің кәсіби дайындығын ірі өндіріс ошақтарында жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуді жүктеді.

Аппараттық кеңесте Отбасының цифрлық картасы деректерін өзектендіру барысы қаралып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің баяндамасы тыңдалды.

  • 09.01.2025
  • 68
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика