• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық және индустриялық аймақтарының қызметі мен даму перспективаларын талқылады

Алматы облысындағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА пен 6 индустриалды аймақты дамыту қорытындылары, мүмкіндіктері мен жоспарлары туралы мәселе талқыланды.

Жиын барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның қазіргі жұмысы туралы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Басқару компаниясы» АҚ бас директоры Мұрат Баймұханбетов баяндады.

Оның айтуынша, Қорғас ХШЫО аумағында 23 инвестициялық компания өз қызметін жүргізіп отыр. Олар 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын, құны 113,17 млрд. теңгелік 32 инвестициялық жобаны іске асыруда. Олардың арасында жылына 30 мың тонна өнім шығаратын «SSA Feed Mills» ЖШС-ның құрама жем зауыты, алаңы 25 мың шаршы метрлік «KIF Warehouses» қойма кешені, жылына 15 мың тонна қуаттылықпен «Заря Ltd» ЖШС астық терминалы және басқа да нысандар бар.

Бүгінгі күнге жалпы құны 4,4 млрд. теңгеге 7 нысан іске қосылды. Бұл – 30 мың шаршы метр сауда алаңы мен 750 жұмыс орны деген сөз. Жалпы құны 29,23 млрд. теңге болатын 10 нысанда құрылыс монтаж жұмыстары жүріп жатыр. 50,22 млрд. теңгелік 11 нысан жүзеге асырылу үстінде. Инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен бүгінгі күні 28 млрд. теңге инвестиция салынды.

Перспективалы бағыттардың арасында әуежайдың, типтік қоймалар мен цехтардың құрылысы, тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүліктердің құрылысы, ІТ-платформаларды дайындау және енгізу бағыттары бар.

Амандық Баталов экономикалық аймақ инфрақұрылымдарын дамыту мен жоспарланған жобаларды сапалы жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Индустриалды аймақтарды одан әрі дамыту туралы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА БК» АҚ бас директорының даму жөніндегі орынбасары Өмірзақ Бекенов айтып берді.

«Талдықорған» индустриалды аймағы қажетті инженерлік инфрақұрылымдармен толық қамтылған. Индустриалды аймақта базальт плиталарын, асфальт, синтетикалық жуу құралдарын өндіретін, өсімдік майын рафинадтап, бөтелкеге құятын 5 кәсіпорын орналасқан.

Іле ауданындағы «Боралдай» өндірістік аймағында қазіргі кезде 14 кәсіпорын жұмыс істейді, оларда 350 жұмыс орны құрылған. Тағы 4 кәсіпорынның құрылысы жүруде, 300 жұмыс орнын ашатын, инвестициясының жалпы сомасы 5 млрд. теңгеден асатын 1 кәсіпорын салу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ «Арна» индустриалды аймағын дамыту да жалғасады. Оның аумағында Трансұлттық компанияның қатысуымен «МаревенФуд Тянь-Шань» ЖШС-ның азық-түлік өндіретін зауытын салу ірі инвестициялық жобасы жүзеге асырылды. Жобаның құны 15,4 млрд. теңге, 500-ден астам жұмыс орны ашылған. Мәселен, 2019 жылы мұндағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 12,0 млрд. теңгені құраған. Макарон, құрылыс материалдары шығарылып, табиғи құм өндірілген.

Іле ауданындағы «Боралдай», Қапшағай қаласындағы «Арна», Жамбыл ауданындағы «Қазыбек бек» индустриалды аймақтарында 8 мыңдай жұмыс орнымен 300-ден астам кәсіпорын орналастыруға мүмкіндік бар. 5 индустриалды аймақта инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүріп жатыр, «Талдықорған» индустриалды аймағында барлық инфрақұрылым толығымен дайын.

- Индустриалды аймақтарды дамытудың мүмкіндігі мол. Тек қана кәсіпкерлермен жеке-жеке жұмыс істеп, кездесулер, инвест-форумдар өткізіп, жаңа кәсіпорындар ашу ісіне тарту керек. Яғни жаңа жұмыс орындарын ашуларына мүмкіндіктер жасау керек. Бұл тікелей аудан, қала әкімдерінің жұмысы. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз. Қабылданған шараларға қарамастан, бұл бағытта аудан, қалалардың жұмысы баяу жүріп жатыр. Барлық жағдайы жасалған «Талдықорған» индустриалды аймағының өзін дамыту сылбыр жүруде. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, «Жетісу» ӘКК, аудан, қала әкімдері, компания басқарушылары бірлесіп жұмысты жандандырып, индустриалды аймақтарды дамытумен түбегейлі айналысулары керек. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен индустриалды аймақтардың экономикалық әлеуеті өте үлкен. Оны өңірді дамыту мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға дұрыс пайдалана білуіміз керек, - деп А. Баталов осы салаға жетекшілік ететін өз орынбасары Серік Тұрдалиевке, және тиісті басқармалар мен департаменттерге тапсырма берді.

Кездесу соңында облыс әкіміне индустриалды аймақтар аумағында орналастыруға қатысты ағымдағы мәселелерді шешу үшін әкімшілік-тұрмыстық кешендер жобасы ұсынылды. 

  • 23.02.2021
  • 242
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика