- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Соғыс ардагерін 101 жасқа толуымен құттықтадым
Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері, ардагер-педагог, талдықорғандық Ысқақ Құсайыновты 101 жасқа толуымен құттықтадым. Ақсақал Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өзінің ғасырдан асқан белесін өткеруде.
Облыста қан майданда алғы шепте болған үш майдангер ақсақалымыз бар. Солардың ішінде үлкені Ысқақ ата үшеуінің алды болып 101-ге келіп отыр. Ысқақ ата, келген жасыңыз құтты болсын. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы атап өтіледі. Осы мерейтойда қатардан қалмай, орден-медальдарыңызды тағып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, сапта тұрасыз деп сенеміз.
- 14.01.2025
- 34