- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Қызметтік тұрғын үйді жалға алу және жалдау шартын ұзарту туралы бірлескен бұйрық бекітіледі
Қорғаныс министрлігі Қорғаныс және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлерінің «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушылармен қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын проактивті нысанда бұзу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы пилоттық жобасын іске асыру туралы» бірлескен бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы Қарулы күштердің қызметтік тұрғын үйінде тұратын адамдардың тізімін өзектендіру мақсатында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес әзірленді. Құжат көрсетілетін қызметті алушымен оның аудандық пайдалану бөліміне жеке өтінішінсіз жалдау шартын бұзу бойынша қызмет көрсетуді көздейді.
Бірлескен бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 27 қаңтарға дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15398846
- 17.01.2025
- 19