• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әкімдіктің кеңейтілген отырысында ӘЭД, бюджеттің атқарылуы және экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша меморандумдар қорытындыланды

Өңір үшін өткен жыл нәтижелі болды - 2024 жыл барлық базалық макро көрсеткіштер бойынша оң динамикамен аяқталды. Өңдеу секторының жоғары динамикасы есебінен 3,4 трлн теңгеге өнім өндірілді - 9,5%.

Өңір экономикасына 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Өсу қарқыны - 138,3% құрады. 29 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Инженерлік-коммуналдық және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалды. 40-тан астам жаңа әлеуметтік нысан ашылды.

Асайын Байханов барлық макро көрсеткіштер бойынша өңірдің белгіленген мақсаттарға қол жеткізгенін атап өтті.

- Бұл - біздің ортақ нәтижеміз. Ағымдағы жылға арналған барлық жоспарлар бекітілді, сондықтан салалық басқармаларға ай сайын болжамды есептеп, жыл басынан бастап макрокөрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, жиналыста экономикалық өсімді 6% деңгейінде қамтамасыз ету жөніндегі меморандумдардың орындалуы қаралды.

Жыл қорытындысы бойынша меморандумдар толық көлемде Павлодар мен Екібастұз қалаларында және Шарбақты ауданында орындалғаны атап өтілді.

Өңір басшысы Павлодар қаласы мен Железин ауданының әкімдерін тыңдады. Оларда барлық көрсеткіштерге қол жеткізіліп, меморандумдар толығымен орындалды.

- Бұл жұмыстарды тиісті және жоғары деңгейде ұйымдастырудың көрінісі, - деп атап өтті облыс әкімі.

2024 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы қаржы басқармасының басшысы Жеңіс Шақатов баяндады. Облыс бюджетінің кірісі 369,9 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда кірістердің өсу қарқыны 46,6 млрд теңгені немесе 114,4% құрады. 600,8 млрд теңгеге жоспарланған облыс бюджетінің шығындары  597,7 млрд теңгеге игерілді - 99,5%.

Сонымен қатар, Асайын Байханов денсаулық сақтау басқармасында 282,8 млн. теңгенің игерілмегеніне назар аударды. Аумақтар бойынша кірістер жоспарын Ақтоғай, Тереңкөл аудандары және Ақсу орындамаған.

Салалар бойынша көрсеткіштердің орындалмауына және бөлінген бюджет қаражатын уақытында игермеуіне байланысты Ақтоғай, Аққулы және Тереңкөл аудандарының әкімдеріне өңір басшысы сөгіс жариялады.

- Көрсеткіштерді орындамаған немесе бюджет қаражатын игермеген қалалар мен аудандардың әкімдеріне бонустық трансферт қаражатын қысқартып, бюджет дұрыс және толық игерілетін аудандарға жіберуді тапсырамын. Әрбір басқарма басшысының, қалалар мен аудан әкімдерінің жұмысы нақты нәтижелермен, сондай-ақ, халықтың жұмысқа қанағаттану деңгейімен бағаланатын болады, - деп атап өтті Асайын Байханов.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына салалық басқармалармен бірлесіп айдың соңына дейін ағымдағы жылға арналған меморандум жобаларын енгізу тапсырылды. Қалалар мен аудан әкімдеріне: биылғы жылы оң динамиканы қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейту, инвестициялық жобалардың, күрделі жөндеулердің іске асырылуын ерекше бақылауға алу тапсырылды. Қаржы басқармасына: облыс бюджетінің атқарылу мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ, Асайын Байханов 31 қаңтар күні облыстық «Ертіс» телеарнасы мен «Halyk» радиосының тікелей эфирінде өңірді дамытудың негізгі бағыттары мен осы жылға арналған перспективалық жобалар бойынша тұрғындар алдында есеп беретінін айтты.

  • 20.01.2025
  • 52
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика