• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Достық үйінде жаңа құрамдағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Облыс әкімі Асайын Байханов бұған дейін болған құрамға атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Облыс әкімі өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Нұрлан Нәбиевке «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.

Кеңестің жаңа төрағасы болып Бәкір Демеуов сайланды. Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына жастар, кәсіпкерлер, экологтар, аграршылар, заңгерлер, дәрігерлер, қоғам қайраткерлері кірді.

Өңір басшысы бірлесіп жұмыс атқаратын бағыттарды белгіледі.

- Павлодар облысының халқы бізден олардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша шешімді шаралар қабылдауды күтуде. Биылғы жылы біз жоспарлаған жаңа бастамалардың қатарында: Ақсу қаласындағы және Успен, Ертіс, Көктөбе аудан орталықтарындағы бассейндердің құрылысы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодарда 1.800 орындық екі мектептің құрылысы, Павлодар ауданының Бірлік және Аққулы ауданының Тілектес ауылдарындағы апатты жағдайдағы мектептердің орнына 2 жаңа мектептің құрылысы, сондай-ақ, облыс орталығында мұз сарайы мен көркем гимнастика орталығының құрылысын бастау, Ертіс өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі, Екібастұздағы инклюзивті балабақша бар. Сонымен қатар, 22 млрд теңгеден астам сомаға инженерлік-коммуникациялық желілерді қайта жаңарту және 61 әлеуметтік нысанды күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады, - деді облыс әкімі.

Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрақты кездесулері мен жеке қабылдаулары кезінде тұрғындардың көтерген түйткілді мәселелерін шешу мақсатында облыс әкімдігімен өңірдің 67 ауылында 96 жобаны іске асыру үшін жалпы сомасы 5,5 млрд теңге бонустық трансферт бөлінді.

Өңір басшысы ел Президентінің 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағанына ерекше назар аударды.

Биылғы жылы Екібастұзда инвестиция көлемі 92 млрд теңгені құрайтын, 800 жұмыс орны құрылатын «Ekibastuz Ferro Alloys» және инвестиция көлемі шамамен 120 млрд теңгені құрайтын, 530 жұмыс орны ашылатын «Mineral Product International» 2 жаңа ферроқорытпа өндіру зауыттарын, сондай-ақ, Еуразиялық механикалық зауытын ашу жоспарлануда.

Павлодар АЭА аумағында инвестиция көлемі 500 млрд теңгеден асатын, жылына 15 тонна 599 сынама алтын ала отырып, құрамында алтыны бар концентратты қайта өңдеу бойынша ірі жоба іске асырылуда.

Сондай-ақ, әкім Ұлы Жеңістің 80 жылдығын, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Ассамблеясының 30 жылдығын, сондай-ақ, Қазақ хандығының 560 жылдығына, Жаяу Мұсаның 190 жылдығына, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына, Майра Шамсутдинованың 135 жылдығына, Иса Байзақовтың 125 жылдығына, Қалмұқан Исабаевтың 100 жылдығына және Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге кеңестің белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Соңында Асайын Байханов жаңа құрам тұрғындарды толғандыратын ең өзекті мәселелерді анықтап, азаматтық диалог аясында шешім табатынына сенім білдірді.

Павлодар облысының Құрметті азаматы Бақыт Бексейітова сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, Қоғамдық кеңес қойылған міндеттерді орындау үшін бар күшін, білімі мен тәжірибесін жұмсайтынын жеткізді.

  • 20.01.2025
  • 54
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика