• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Oблыс әкімдігінде өткен жылғы өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарлар,

Oблыс әкімдігінде өткен жылғы өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарлар, сондай-ақ, Жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова өңірде 26,6 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, нәтижесінде 30 мыңнан астам адамның жұмысқа орналастырылғанын және оның 74%-ы тұрақты жұмыс орындары екенін мәлімдеді. Жұмыспен қамтылғандардың 94,5%-да міндетті зейнетақы аударымдары бар.

2025 жылға мемлекеттік және жеке жобалар аясында 26,7 мың жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде 18,3 мыңы тұрақты.

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыспен қамту жоспарының 3000-нан астам жұмыс орнына асыра орындалғанымен, міндетті зейнетақы аударымдарының барлығына бірдей төленбегенін атап өтті. Мысалы, Ертіс және Аққулы аудандарында. Өңір басшысы еңбек заңнамасының бұзылғаны үшін әкімдерден есеп берулерін талап етті.

Сондай-ақ, жиналыста көші-қон мәселелері де талқыланды. Ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында 2024 жылы облысқа 3422 адам көшіп келді. Оның ішінде 1712 адам еңбекке қабілетті жаста. 974 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылып, 66 адам кәсіпкерлікпен айналысуда.

Ішкі көші-қонның басым бөлігі Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарынан және Астана мен Шымкент қалаларынан келуде. Қандастар Моңғолиядан, ҚХР, Өзбекстаннан келді.

Өңір басшысы қоныс аударушылар алдындағы тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша міндеттемелерді орындауды тапсырды.

- Салалық басқармалар қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, мердігер ұйымдармен бос жұмыс орындарын, электрондық еңбек шарттарын электрондық еңбек биржасына орналастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуі қажет. Қалалар мен аудандардың әкімдері 2025 жылдың соңына дейін жұмысқа орналастыру индикаторларының және қоныс аудару бағдарламасының квотасының сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс, - деп тапсырды облыс әкімі.

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Жиналыста білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина кәсіптік білім беру мәртебесін арттыру туралы баяндама жасады.

Биыл колледждердің материалдық-техникалық базасы едәуір нығаяды, колледждерге қамқоршы кәсіпорындардың саны көбейеді. Сондай-ақ «ERG» компаниясымен жасалған меморандум аясында «WorldSkills» болашақ чемпиондар мектебі» қағидаты бойынша үздік педагогтар мен студенттер үшін шетелде тағылымдамалар ұйымдастырылады, мектептерде «Enbek Hub» оқу шеберханалары ашылады. Сондай-ақ, жалпы орта білім беру ұйымдарында 50 бейіндік сынып ашылады.

Өңірдің еңбек әулеттерінің қатысуымен «Еңбек дәстүрлері – біздің болашағымыздың күші» / «PRO табыс» облыстық форумын өткізу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ агроинновацияларды енгізу орталығын ашу жоспарланған. Мамыр айында «MamandyqFest» фестивалі өтеді, Павлодардағы Металлургтер саябағында Жұмысшы мамандықтар аллеясы ашылады.

Асайын Байханов «Жаңа мамандықтар мен құзыреттердің өңірлік атласы» жобасын іске асыру аясында кәсіптік бағдарлау жұмысында, мектептер, колледждер мен кәсіпорындар арасындағы өзара қарым-қатынастың перспективалық моделінде жаңа тәсілдердің қажеттілігін атап өтті.

Облыс әкімі білім басқармасына салалық басқармалармен, қалалар мен аудандардың әкімдерімен, жоғары оқу орындарымен, кәсіподақ орталығымен және кәсіпорындармен бірлесіп жыл соңына дейін Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі өңірлік жоспарлардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бизнестің, жұмыс берушілер мен инвесторлардың жұмысшы мамандықтар жылын өткізуге белсенді қатысуы және жаңа әлеуметтік-экономикалық ынталандыруларды кеңейте отырып, жұмысшы кадрларды қолдау жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларына және еңбек заңнамасының сақталуына қатаң мониторинг жүргізу тапсырылды.

Барлық іс-шаралар жүйелі және нәтижелі болуы, сондай-ақ, ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық нәтиже беруі тиіс.

 

  • 22.01.2025
  • 60
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика