• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында 68 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде халықты жұмыспен қамту шаралары талқыланды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің сөзінше, биыл салаға 54,4 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артық.

2024 жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 67 308 жаңа жұмыс орнын құру жоспары бекітілді. Жыл қорытындысы бойынша 70 056 жұмыс орны құрылып, жоспар 104,1% орындалды.

Биыл 68 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасын орындау міндеті асыра орындалды: 13 111 жұмыс орны ашылды.

2024 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 62 651 тұрғын қамтылды, жоспар 112,7 пайызға орындалды.

Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында өткен жылдың қорытындысы бойынша 52 776 адам (112,4%) жұмысқа орналастырылды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 16 915 адам (111,3%) тартылды, оның ішінде 67,3 пайызы тұрақты жұмыс орындары.

Баяндамашы жұмыссыз азаматтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі жұмыстарға кеңінен тоқталды. 2024 жылы кәсіптік оқытумен 1 243 жамбылдық қамтылды, оның 99,3 пайызы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 2,9 мың адам «Skills enbek» порталы арқылы онлайн оқытылды.

Биыл 1 315 адам газ-электр дәнекерлеуші, кран машинисі, автомеханик, құс өсіруші, тракторшы, ветеринар, косметолог, автослесарь, графикалық дизайнер, электромонтер, химиялық талдау зертханашысы, экскаватор машинисі сияқты танымал мамандықтарды игере алады.

Бұдан бөлек, 2 524 жұмыс берушінің қатысуымен 128 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарына 1 314 азамат орналастырылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, яғни 1 008 адамға 1,5 млрд. теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар берілді.

Спикер сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы айтты.

Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің есептері тыңдалды.

Ербол Қарашөкеев гранттарды бөлудің ашықтығы мен олардың нысаналы мақсатына қатысты мәселелерді бақылауды, зейнетақы жарналарының, электрондық еңбек кітапшаларының бар-жоғын тексеру арқылы мониторингті күшейтуді, жұмыссыздарды субсидияланатын жұмыс орындары бойынша тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді тапсырды.

  • 22.01.2025
  • 78
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика