• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының әкімдігі мен ERG арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Құжатқа облыс әкімі Асайын Байханов пен Еуразиялық топтың бақылау кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов қол қойды.

Биыл Eurasian Resources Group Павлодар облысында әлеуметтік жобаларды іске асыруға 3,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

- Жыл сайын 20 жылдан астам уақыт бойы Еуразиялық топпен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша меморандумдар жасаймыз. Соңғы 3 жылда ERG компаниясы облысты дамытуға шамамен 9 млрд теңге бөлді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 30 жобаның 17-сі аяқталды. Олардың жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрады. Eurasian Resources Group су тасқыны кезінде де шетте қалмай Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылының зардап шеккен отбасыларына көмек көрсетті. Бірде-бір отбасы қолдаусыз қалған жоқ және бұл қысқа мерзімде жасалды, - деп атап өтті Асайын Байханов

Меморандумды іске асыру аясында Ақсу қаласын абаттандыру, 16 аула аумағын жөндеу, Астана, Әуезов және Ленин көшелеріндегі жарықтандыруды реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, балаларға арналған ерте араласу оңалту орталығы жөнделді, өңірдегі ауруханалар үшін қымбат медициналық жабдықтар сатып алынды. Жұмыста 600 млн теңгеге тағы 13 жоба қалып отыр. Олар осы жылдың мамыр айында аяқталады.

Биылғы жылы да қаражат әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Облыс әкімдігі 2025 жылы денсаулық сақтау саласын қолдауды, Ақсу қаласы бойынша жобалар ұсынды: бассейн салу және саябақты жаңғырту, Ы. Алтынсарин атындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізу және басқа да бірқатар маңызды жобалар.

- Әлемдік экономикадағы күрделі жағдайға қарамастан, ERG өзінің барлық міндеттемелерін орындауда және әлеуметтік бағдарламаны белсенді іске асыруда. Біз Павлодар облысының әкімдігімен меморандумға білім, денсаулық сақтау және спорт салаларына баса назар аудара отырып, қол қоямыз, – деп атап өтті директорлар кеңесінің төрағасы, ERG бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов.

Меморандум аясында  ERG тобы «ERG мектебі» және «ERG колледждер үшін» жобаларын іске асыруды жалғастырады. Осы бағытты дамыта отырып, ERG Ақсу қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мектепті күрделі жөндеуге 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөледі. Оқытушылардың біліктілігін арттыруға, халықаралық тағылымдамаларға, Ақсу колледждерінің материалдық-техникалық базаларын дамытуға 200 млн теңгеден астам қаражат бағытталатын болады. Сондай-ақ, топ Екібастұздағы «Ерекше үй» балаларды түзету орталығына да қолдау көрсетуді жалғастырады.

2025 жылы бірлескен ота жасауды қоса алғанда, шетелдік мамандардың жетекші қазақстандық дәрігерлерді оқытуына бағытталған «ERG дәрігерге» бірегей жобасы іске қосылады. Осы мақсатқа 150 млн теңге бөлінді.

Меморандум аясында Ақсу қаласында «Tugan Qala» бастамасының 15 жобасын іске асыруды қаржыландыру көзделген. Бұл сарапшылардың көмегімен қала тұрғындарының өздері жасаған және бастамашы болған абаттандыру бойынша жобалар. Осы мақсатқа 135 млн теңге бөлу жоспарлануда.

Бюджет есебінен 11 жобаны іске асыру жоспарлануда, оған 8,7 млрд теңге көзделген. Қаражат қалалардың аула аумақтарын абаттандыруға және жөндеуге, Павлодардағы Лермонтов көшесін және Екібастұздағы «Шахтер» саябағын қайта жаңартуға жұмсалады.

Өңір басшысы Асайын Байханов компания өкілдеріне ұсынылған жобаларға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

  • 27.01.2025
  • 56
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика