- Блогтар
- Тоқбаев Р. К.
Тоқбаев Р. К.
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы
Қазынашылық комитетінің Алқа отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 16 ақпанында "Қазынашылық комитетінің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттер"тақырыбында өңірлік Қазынашылық департаменттері басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитеті алқасының кезекті отырысы өтті.
Алқа отырысында «Аумақтық қазынашылық органдары мен электрондық депозитарийдің 2023 жылға арналған ведомстволық бақылауының қорытындылары және ТҚК ұйымдастыру-шаруашылық қызметі» тақырыбына Комитет төрағасының орынбасары Ерлан Тюлюпов, «Жергілікті бюджеттерді атқарудағы аумақтық қазынашылық органдарының 2023 жылға арналған қызметінің қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттер» тақырыбына Комитет төрағасының орынбасары Әлия Байгенжина, «Қазынашылық органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» тақырыбына Комитеттің Персоналмен жұмыс істеу басқармасының басшысы Кәмшат Арыстанбекова баяндама оқыды.
- 27.01.2025
- 28