• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары келді

Сенаторлар өңірдің индустриалды нысандарын аралап, «Қазақстан алюминийі» АҚ глинозем алу цехының жұмыс үрдісімен танысты, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС басқару орталығына барды. Сондай-ақ, депутаттар Павлодар химия-механикалық колледжінде және жоғары түсті металлургия колледжінде болды.

Облыс әкімдігінде «Еңбек адамы - ұлттық экономиканың өсуі мен ұлттың өркендеуінің негізі» тақырыбында өтетін парламенттік тыңдауларға дайындық және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға арналған әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Елімізде өткізіліп жатқан Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға қатысты мәселелерді талқылауға комитет мүшелері Айнұр Арғынбекова, Талғат Жүнісов, Алтынбек Нұхұлы, Әсем Рахметова, Руслан Рүстемов, Амангелді Толамисов, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен кәсіподақтар қатысты.

Іс-шара ҚР Парламенті Сенаты комитетінің басшысы Нұртөре Жүсіптің төрағалығымен өтіп, ол негізгі мақсат - жұмысшылардың еңбек жағдайларын зерделеу, Павлодар облысында техникалық, орта кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлау екенін атап өтті.

Кездесу барысында облыс әкімі Асайын Байханов жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру жөніндегі өңірлік кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы баяндады.

Жалпы 3 бағытқа ерекше назар аударылды. Бірінші: колледждерді кезең-кезеңімен жаңғырту. Бұған облыстық бюджеттен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жарақтандыруға және жаңғыртуға шамамен 500 млн теңге бағытталады. Әлеуметтік әріптестік аясында ERG және Kazminerals кәсіпорындары 6 колледжге заманауи жабдықтар сатып алуға 500 млн теңге қаражат бөлді. Екінші: жұмыс істейтін жастар қатарындағы студенттер үшін 100 млн теңгеге жаңа ынталандырушы сыйақылар мен гранттар тағайындау. Үшіншісі: жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және кәсіпорын қызметкерлерін ынталандыру.

Өңір басшысы өңірдің 405 мың экономикалық белсенді халқының 60%-дан астамын жұмысшы мамандықтардың өкілдері иеленетінін атап өтті. Талдау көрсеткендей, алдағы жылдары жұмыс күшіне деген қажеттілік тек арта түседі.

Алдағы 5 жылда облыста 140-тан астам инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде үш ферроқорытпа зауытын ашу, ұсталық-бандаж кешенін іске қосу, ірі электрометаллургиялық зауыттың құрылысы, құрамында алтыны бар концентраттарды қайта өңдеу кәсіпорнын іске қосу. Нәтижесінде 11 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

- Слесарлар мен монтаждаушылар, электриктер мен құрылысшылар, жүргізушілер мен механиктер сияқты жұмысшы мамандықтар құрылыстан бастап өндіріске дейінгі экономиканың көптеген салалары үшін негіз болып табылады. Олардың жұмыстары маңызды болғанына қарамастан, жиі назарға ілінбей қалады. Мансаптық өсу перспективалары мен лайықты жалақы туралы ақпараттарды жеткізу арқылы жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыруға қол жеткізіледі, - деді Асайын Байханов

Осы мақсатта облыс әкімі қала құраушы кәсіпорындардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді және олар өз кезегінде қызметкерлерді материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бастамаларға қолдау білдірді. Бұл тұрғын үймен қамтамасыз ету, автокөлік сатып әперу, жалақыны өсіру және басқа да көптеген әлеуметтік ынталандырулар. Мәселен, ERG тобы осы мақсаттарға 1,5 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа, биылғы жылы өңір кәсіпорындарында жалақыны орта есеппен 8%-ға дейін арттыру  болжамы бар.

ҚР Парламенті Сенаты комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар алдағы жұмыста ескерілетінін атап өтті.

  • 30.01.2025
  • 67
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика