• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Людмила Курманова азық-түлік бағалары бойынша жағдайды және баға айырмашылығын реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Өңірдегі азық-түлік тауарларының 15 түрі бойынша бағалар орташа республикалық мәннен төмен деңгейде сақталып отыр. Ал тауарлардың 9 түрі бойынша облыс ең төмен бағамен ҮЗДІК-5 өңірдің қатарына кіреді. Еліміз бойынша өңірімізде жоғары бағаның қатарында тұз бен макарон өнімдері.

Бағаның өсуін тежеу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыру және толықтыру, «Айналым схемасы» бойынша несиелер беру, өнімдерді «Jailau» фермерлік базары арқылы сату және апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу шаралары жасалуда.

Сонымен қатар, баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия өндіруші мен соңғы тұтынушы арасындағы тиімсіз делдалдарды анықтау мақсатында 11 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 5 жағдай Екібастұзда және 7 жағдай Ақсуда тіркелді.

Облыстың тұрақтандыру қорында 2,3 млрд теңгеге тауардың 12 түрі бойынша 11 мың тоннадан астам өнім бар. Нарықтағы баға жағдайын ескере отырып, 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап көкөністерді брондаудан шығару басталды.

1 ақпандағы жағдай бойынша 684 тонна картоп, 277 тонна сәбіз, 116 тонна пияз және 102 тонна қырыққабат сатылды. Өнімдерді сату тұрақтандыру қорының 209 серіктес дүкендері арқылы жүзеге асырылады.

Жиналыстың қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева салалық басқармаға қалалар мен аудандар әкімдіктерімен бірлесіп күнделікті баға мониторингін жалғастыруды, тұрақтандыру қорынан өнім алу жұмыстарын жандандыруды, делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі комиссияның жұмысын күшейтуді тапсырды.

  • 07.02.2025
  • 48
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика