- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
KIA автозауытын салу – өңірдің ірі инвестициялық жобаларының бірі, бұл 1500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді
KIA автозауытын салу – өңірдің ірі инвестициялық жобаларының бірі, бұл 1500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Құрылысы қатаң кесте бойынша жүріп жатыр. Құрылыс компанияларының басшыларынан жұмыс барысы туралы есептер тыңдалды. Барлық процестер мұқият бақылауда.
Құрылыс кезеңдерінің негізгі көрсеткіштері:
Зауыттың екі цехында жабдықтардың 70%-ы орнатылған.
Қажетті жабдықтардың барлығы аймаққа жеткізілді, ішкі құрылыс жұмыстарының аяқталуын күтуде.
Инженерлік коммуникациялар тартылды: су, газ, электр қуаты, кәріз жүйесі және жаңа жол.
Пилоттық өндіріс 2025 жылдың жазында басталады.
Сериялық өндіріс күзге жоспарланған.
- 07.02.2025
- 33