• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жұмысшы мамандықтары жылы: Жамбыл облысында колледждерде сұранысқа сай жаңа мамандықтар ашылады

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысының Жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберіндегі іс-шаралар жоспары қаралды.

Өңірде Жұмысшы мамандықтары жылын тиісті деңгейде өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, 6 бағыт бойынша 123 түрлі шара қамтылды. Сондай-ақ жоспардың іске асырылуын қадағалайтын арнайы штаб құрылған.

Жиында білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов биыл кәсіпкерлік бағыттағы 33 инвестициялық жоба бойынша 1 360 жұмыс орны, ауыл шаруашылығы бағытындағы 18 жоба бойынша 234 жұмыс орны құрылып, мамандар тартылатынын жеткізді. Сонымен қатар 110-нан астам бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.

Жаңа кәсіптер атласында өңірге қажет негізгі 5 сала (агро, өнеркәсіп тау-кен, баламалы энергетика, туризм, көлік және логистика) бойынша жаңа, жойылатын және трансформацияланатын мамандықтар  тізімі нақтыланды. Облыста колледждерде сұранысқа сай жаңа мамандықтар ашылу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

«Enbek.kz» порталына студенттерді бос жұмыс орындарына орналасумен іздеу дағдыларын үйрету жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Кәсіпкерлер тарапынан колледж студенттеріне 2025 жылы 120 орын, 2026 жылы 100 орындық жатақхана салынады деп күтілуде.

Жамбыл инновациялық жоғары колледжі базасында «1С» сертификаттау орталығы жақын арада жұмысын бастайды.
 
Басқарма басшысы «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй бағдарламалары аясында «Әулиеата жастары» жұмысшы қызметкерлерге жеңілдетілген несие ұсыну жұмыстары жүргізіліп жатқандығын да хабарлады.  

Ербол Қарашөкеев Жұмысшы мамандықтары жылына арналған іс-шаралардан шалғай елді мекендегі тұрғындар мен жастар тыс қалмауы керектігін ескертіп, мемлекет бөлген білім беру гранттары мамандық игеруге құштар жастарды қолдауға бағытталу керектігін айтты. Бұл жұмыстар бойынша аудан әкімдерімен бірлесе жұмыс атқаруды тапсырды.

Келесі кезекте жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов өңірдегі жұмыссыз азаматтарды «Skills enbek» порталы арқылы онлайн оқыту бағыты бойынша 3 200 адамды тегін оқыту жоспарланып отқандығын жеткізді. Қазіргі таңда аталған портал арқылы 767 адам білім алып жатыр.

Жиында ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құралай Өскембекова да баяндама жасады.  
Облыс әкімі жиын соңында жауапты сала басшыларына бірқатар міндеттерді жүктеп, жоспарда көрсетілген шаралардың мерзімінде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. 

  • 10.02.2025
  • 71
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика