• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Абай облысының колледждері «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысуда

11-15 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO павильонында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде. Ауқымды шараға Абай облысынан төрт колледж қатысып, өздерінің білім беру жетістіктері мен заманауи оқу бағыттарын таныстырады. Фестивальдің ресми ашылуын ҚР Оқу-ағарту министрі өткізді. Іс-шара 15 бағыт бойынша түрлі көрмелерді қамтиды.

Геологиялық барлау колледжі «Геологтар үйі» мен «Гидрогеологтар үйінде» өз жұмыстарын көрсетеді. «Геологтар үйі» ERG компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырылған. Мұнда қатысушылар тау жыныстары мен минералдардың үлгілерімен танысып, олардың құрамындағы пайдалы қазбалар жайлы ақпарат ала алады. Ал «Гидрогеологтар үйінде» жерасты суларының қалыптасуы мен зерттеу әдістері ұсынылады. Р.Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжі «Болашақ мамандықтар» көшесінде орналасқан «Бағдарламашылар үйін» ұсынады, заманауи интерактивті жабдықтар мен құрылғыларды көрсетеді.

Әлеуметтік серіктестер қатарында ТОО «Oner 3D» және АО «NITEK» бар. Көрмеде желілік құрылғылар, оптикалық талшықты дәнекерлеу құралдары мен 3D принтерлер секілді заманауи технологиялар таныстырылады. Электротехника колледжі «Энергетиктер мен Мұнайшылар көшесінде» орналасқан Атом әлемі үйінде жұмыс істеп жатыр. Колледж ұжымы «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясымен бірлесіп, мектеп оқушылары мен студенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Қазақстандағы осы сала бойынша жалғыз мамандандырылған оқу орны ретінде өз тәжірибесін бөліседі. Колледж «Аэрофотогеодезия» бағыты бойынша жер бетінің карталарын жасауға арналған заманауи технологияларды көрсетеді. Сондай-ақ дрондар, ұшақтар мен спутниктерден алынған суреттерді өңдеу арқылы жердің дәл координаталық мәліметтерін анықтау әдістері таныстырылады. 13-14 ақпан күндері Абай облысынан 300-ге жуық делегация фестивальға қатысады. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, білім басқармасының өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, әлеуметтік серіктестер, мектеп директорлары мен студенттер бар.

  • 13.02.2025
  • 43
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика