- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Облыстық БАҚ өкілдерімен кездестім
Талдықорғандағы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне арнайы бардым. Онда облыстық БАҚ өкілдерімен кездесіп, «Jetisy» телеарнасының студиясында арнайы сұхбат бердім.
Кездесу барысында жергілікті журналистермен тілдесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдадым. Облыстық БАҚ-тардың материалдық-техникалық базасымен таныстым.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша белсенді ақпараттық жұмысы үшін «Jetisy» телеарнасы «Үздік мекеме» атанып, жаңа студия сыйға тартылған болатын. Оған қоса, биылғы жылдың басынан облыстық БАҚ қызметкерлерінің жалақысы 30 % өскен еді. Ал бүгінгі кездесу барысында «Jetisy» және «Вестник Жетісу» газеттеріне ортақ қолданысқа шағын автобус сатып алып беру туралы шешім қабылдандым.
- 14.02.2025
- 36