• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.

Жетісу облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жетісу облысына тартылған инвестициялар көлемі 1,4 есе өсті

2024 жылдың қорытындысы бойынша аймақ экономикасына 522 миллиард теңге инвестиция құйылған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,4 есеге артық. Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 394 миллиард теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдан 1,7 есеге өсті. Жалпы өткен жылдың қорытындысында қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша көрсеткіш облыста 114,8 % құрап, республикада 2-ші орыннан көрінді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша аймақ экономикасына 522 миллиард теңге инвестиция құйылған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,4 есеге артық. Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 394 миллиард теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдан 1,7 есеге өсті. Жалпы өткен жылдың қорытындысында қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша көрсеткіш облыста 114,8 % құрап, республикада 2-ші орыннан көрінді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының айтуынша, өткен жылы өнеркәсіп саласында 200 жұмыс орнын ашқан «Asma Industrial» өндірістік аккумуляторлар зауыты іске кірісті. Сонымен қатар біраз жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған майлы дақылдар өңдейтін «Жетісу Мажико» агрокешені былтыр қайта іске қосылды.  

Ал биылғы жылдың жоспарына келсек, Талдықорғандағы «Қайнар АКБ» зауытының өнеркәсіптік аккумулятор батареяларын шығаратын жаңа жобасы іске асырылады. Жобаның құны 10 миллиард теңгеден асады, 150 жұмыс орнын ашу межеленген. Бұдан бөлек, биыл Кербұлақ ауданында ең ірі инвестициялық жоба тау-кен металлургия комбинаты іске қосылады. Құны 1,3 триллион теңге. Комбинатта 2000 жұмыс орны ашылып, жергілікті жұртшылықты жұмыспен қамтиды. Өткен жылы осы жоба бойынша теміржол желісі, қойма ғимараттары салынған болатын. Ал биыл құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Талдықорғандағы «Басқуат» жылыту қазандығының аумағында тұрмыстық қалдықты қайта өңдеуден өткізетін зауыттың құрылысы жүреді, келесі жылы құрылысты аяқтау жоспарда бар.

Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/939527?lang=kk

  • 18.02.2025
  • 91
Исабаев Б.Ө.

Жетісу облысының әкімі

Исабаев Б.Ө.
(Мұрағат)

Жетісу облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика