• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімдігінде өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығы талқыланды

ТЖ департаментінің басшысы Рустамбек Амрин «Қазгидромет» Павлодар облыстық филиалының деректері бойынша облыстың барлық аумағы 100% қармен жабылғанын, ал топырақтың күзгі ылғалдылығы 60%-ға артқанын мәлімдеді. Қардағы судың қоры да нормадан 7%-ға асып тұр. Былтырғыдан төмен жалғыз ғана көрсеткіш - бұл топырақтың орташа қату тереңдігі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41%-ға аз.

Су тасқыны қаупі бар учаскелердің мониторингі үшін Баянауыл ауданына қауіп төндіруі ықтимал деген Қарағанды облысының «Ақжар» және «Қаратоқа» бөгеттерін қамти отырып, Ақтоғай, Баянауыл аудандарына аэровизуалды тексерулер жүргізілді.

Сонымен қатар, көршілес Ақмола және Қарағанды облыстарындағы қардың көлемі былтырғы көрсеткіштен 1,5 есеге артық. Осыған байланысты күштер мен құралдар тобын Ақтоғай және Баянауыл аудандарына жіберу қарастырылған.

Шүлбі су қоймасындағы судың көлемі 81,5% құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5%-ға артық. Осыған байланысты Павлодар және Ақсу қалаларының әкімдіктері қысқа мерзімде нығайту жұмыстарын іске асыру қажет.

Өңірде «Инженерлік жұмыстар жоспары» аясында шамамен 18 шақырым қорғаныс бөгеттері мен біліктері салынды және нығайтылды, 4 км-ден астам каналдар мен арықтар жөнделді және салынды, 24 су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері жергілікті бюджет есебінен тасымалданатын 104 мотопомпа, 15 мыңнан астам қапшық, 61 сорғы сатып алды.

«Қазгидромет» РМК филиалының директоры Галина Шпактың ақпараты бойынша ақпанның екінші онкүндігінде жауын-шашын күтіледі, температура нормадан 2 градусқа жоғары. Наурызда ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады.

- Павлодар облысы «Жасыл аймаққа» жатқызылғанына қарамастан, дайындығымыз жоғры деңгейде болуы керек. Баянауыл, Май, Павлодар, Ақтоғай аудандары ерекше назарда болады. Аудан әкімдері су басатын тарихи орындарды зерделеп, ауа-райына, су айдындарының толуына мониторинг жүргізіп, халықты және инфрақұрылымды қорғау үшін барлық алдын алу шараларын қабылдауы қажет, - деп атап өтті облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжинов.

Жиналыстың қорытындысы бойынша салалық басқармаларға, сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдеріне 20 ақпанға дейін қарды шығару жұмыстарын жүргізу, 1 наурызға дейін «ҚазАвтоЖол» филиалымен бірлесіп жолдардағы су өткізу құбырларын ашу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. ТЖ департаментіне су тасқынына дайындықты барынша бақылауда ұстау тапсырылды.

  • 18.02.2025
  • 39
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика