• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңірде су тасқыны кезеңіне дайындық белсенді түрде жалғасуда.

Облыстық жедел штабпен Баянауыл ауданындағы жағдай қаралды.

«Қазгидромет» филиалының мәліметінше, бұл ауданға жауған жауын-шашынның мөлшері 60 мм, топырақтың қатуы - 67 см құрайды. Ал қардың биіктігі - 21 см және бұл өткен жылмен салыстырғанда 8-ге артық. Таулар мен далада жиналған қар қорынан басқа, ауданға бірнеше су қоймалары орналасқан Қарағанды облысынан да су келеді.

- Ауданда су басу қаупі бар деген 17 елді мекен бар. Су тасқыны жағдайы нашарлаған кезде жедел ден қою үшін 29 көлік құралы, 38 мотопомпа, 20 автобус, 10 мың қапшық, 20,8 мың литр жанар-жағармай, 1315 тонна инертті материалдар дайындалды. Ауданның автожолдарында 378 су өткізетін құбыр ашылады. Ауыл аумақтарынан 2625 тонна қар шығарылды, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, - деді аудан әкімі Ардақ Кісентаев.

Сонымен қатар, облыс әкімдігімен ауданның Қ. Сәтбаев, Ұзынбұлақ, Жаңажол және Жаңатілек ауылдарында лиманды суару жүйелерін қайта жаңарту бойынша жобалар іске асырылуда. Жобалар Айдос, Қарасу, Ащысу өзендерінен келетін тасқын суларды жинақтауға және оларды лимандардың суармалы алқаптарына жіберуге бағытталған. Бұл өз кезегінде су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Жобаларды іске асыру мерзімі 2024-2025 жылдар.

Бұған дейінгі жылдары көктемгі су тасқыны кезінде қиындықтар туғызған Жаңатілек және Қаратомар ауылдық округтеріне апаратын Қарашат-Жаңа-Жайма автожолының учаскесінде көлік құралдарының өтуі мәселесін шешу үшін 2024 жылы ұзындығы 1,7 км айналма жол салынды.

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульянов тас жолының 101-105-ші шақырымдарында «Қазавтожол» АҚ филиалы темірбетонды үш аралықты көпір салды, бұл судың ауылдарға кірмей көпірдің астынан өтуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндағы су өткізгіштер толығымен жаңартылды.

2025 жылы Көкдонбақ ауылында Ащысу өзені арқылы көпір салу жоспарлануда, қазіргі уақытта оның құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Ауданды аралау барысында «Ескелді-Жаңажол» тас жолының «Ақтасты» учаскесіндегі көпір де тексерілді. Мұнда еріген судың ағып өтуін 11 су өткізетін құбыр қамтамасыз етеді.

Жедел штаб өткізілген іс-шаралардың сапасын бағалап, елді мекендерден қарды жүйелі түрде шығаруды жолға қоюды, 1 наурызға дейін жолдардағы барлық су өткізетін құбырларды ашуды және көктемгі су тасқынынан болатын залалды болдырмау үшін барлық алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды.

  • 18.02.2025
  • 49
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика