• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы күреске дайындалуда

Облыс әкімдігінде 2025 жылғы дезинсекциялық науқан мәселелері талқыланды.

Биыл дезинсекция бойынша жұмыстар 2024 жылы жасалған үш жылдық келісім-шарттың аясында жалғасады. Биылғы жылы әуеден өңделетін алқаптың жалпы ауданы 172 мың га құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 мың га артық. Павлодар қаласының 32 мың га жайылма аумағын, Ақсу қаласында және Павлодар ауданында 30 мың гектардан, Тереңкөл және Ақтоғай аудандарында 20 мың гектардан, сондай-ақ, Ертіс ауданында 40 мың га жайылма алқабын қамту жоспарлануда.

Облыс әкімі Асайын Байханов әуеден өңделетін алқаптың көлемін ұлғайтуды ескере отырып, қосымша техниканы тарту қажеттігін атап өтті.

АН-2 маркалы 8 ұшаққа верификациядан кейін тағы екі борт келуі керек. Сондай-ақ, тосқауылмен өңдеу кезінде қолданылатын екі аэрозольді реттелетін дисперсия генераторына тағы 2 қосылады. Олардың әрқайсысының қамту қашықтығы - 500 метрге дейін, сыйымдылығы - 1500 литрге дейін.

Қолданылатын препараттың көлемі пропорционалды түрде 14,5 мың литрге дейін артады. Байер препараттарынан басқа, поляк өндірісінің жаңа жетілдірілген құралдарын қолдану жоспарлануда. Олар наурыздың екінші онкүндігінде жеткізіледі деп күтілуде.

Жиналыста табиғатты қорғау мақсатында жіберілетін судың параметрлеріне байланысты болатын дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу және ғылыми сүйемелдеу барысы жан-жақты талқыланды.

- Ең бастысы Ертістің табиғатты қорғау мақсатында жіберетін суының мерзімін жіберіп алмау. Аймақтағы су шаруашылығы жағдайларын талдаңыздар, еңбек ресурстарын дайындаңыздар, тиімді әдісті қолданып, өңдеуді ұйымдастырыңыздар. Барлық аудандарда жол карталары қабылданып, негізгі іс-шаралар анықталды. Иесіз су қоймаларын, үйлердің жертөлелерін өңдеу жұмыстарына дайындалыңыздар. Бұл жұмыстардың барлығы ерекше бақылауда және алдын ала орындалуы тиіс, - деп атап өтті өңір басшысы Асайын Байханов.

Қазгидрометтің болжамы бойынша көктем ерте келіп, ауа температурасы нормадан 2 градусқа жоғары болады деп болжануда.

Бұқтырма су қоймасында 38 км³ су бар, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,6 км³ артық. Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына келетін су көлемінің болжамды ағыны орташа көпжылдық мәндерден 15 тен 40%-ға дейін жоғары.

Облыс әкімі бекітілген алгоритмге сәйкес дезинсекциялық іс-шараларға жоспарлы дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды. Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп бақылауды және үйлестіруді күшейтіп, аудандарға алдын ала баруы қажет.

  • 18.02.2025
  • 48
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика