• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ірі компаниялармен тәжірибе алмасу және ынтымақтастық: Жамбыл облысының делегациясы Түркияның Мерсин провинциясында болды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған делегация Түркия Республикасының Мерсин провинциясына жұмыс сапарымен барды.

Іссапар барысында делегация инвестициялық форумға қатысып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Сонымен бірге Мерсиннің іскер топтарымен тәжірибе алмасу, өндірістік кооперация және инвестициялық ынтымақтастық, жетекші өнеркәсіптік компаниялармен серіктестік орнату мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.

Іссапардың қауырт бағдарламасында ірі кәсіпорындарға, Мерсиннің индустриялық-өнеркәсіптік аймағына бару қамтылды.

Жұмыс тобымен бірге нысандарды Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Бас консул Қуат Қанафеев, Мерсин қаласындағы Құрметті консул Ахмет Будан аралады.

Жамбыл облысының делегациясы салынып жатқан Аккую атом электр станциясына іргелес орналасқан Мерсин провинциясы аудандарының экономикалық даму динамикасын егжей-тегжейлі зерттеді. Мерсин басшылығының айтуынша, бұл саладағы жобалар Гюльнар және Силифке аудандары экономикасының 40 пайызға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.

Станция құрылысының мультипликативті әсері туралы да сөз қозғалды. Мерсин провинциясында шағын және орта бизнестің даму қарқыны артқан.

Делегация АЭС құрылысы алаңының жанындағы жұмысшыларға арналған тұрғын үй кешеніне барды. Барлығы 24 жатақхана салынған (3 200 адам).

Ербол Қарашөкеев Medcem Cement Group басшылығымен құрылысты дамытуды ынталандыру және құрылыс индустриясына әлемдік стандарттарды енгізу бойынша белсенді шараларды талқылады. Medcem Cement зауыты – жылдық қуаты 6,6 млн тонна өнім шығаратын әлемдегі ең ірі цемент зауыттарының бірі.

Жамбыл облысының кәсіпкерлері түркиялық әріптестеріне өңірдің бай минералдық-шикізат ресурстары туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын ұсынды.

Делегация атом электр станциясының болашақ жұмысшылары үшін салынып жатқан үлкен тұрғын үй кешенінің құрылысын мысалға ала отырып, Мерсиндегі құрылыс индустриясының әлеуеті туралы тереңірек білді. Әр түрлі көлемдегі пәтерлерден бөлек, нысан аумағында балабақшалар, мектептер, бизнес, денсаулық сақтау, спорт нысандары, ойын алаңдары, қонақ үй, мәдениет орталығы салынады, көліктерге арналған электр зарядтау станциялары, шатырларда электр қуатын өндіретін күн батареялары болады.

Облыс әкімі тұрғын үй құрылысы бойынша түрік тарапының тәжірибесін зерделеп, жаңа технологияларды енгізуді тапсырды.

Мерсиннің индустриялық-өнеркәсіптік аймағына сапар барысында делегация өндіріс орындарымен танысып, бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, делегация Yılbor Boru пластик құбырлар зауытын, Gökmak болат конструкциясы мен желдету жүйесі зауытын, сондай-ақ Berdan Çevata бекіткіш өндіру зауытын аралады.

Arbel Group дәнді және бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауытында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды.

Ulusu Pompa сорғы жабдықтарының кең ауқымын өндіруге маманданған компания. Бұл бағыт жер асты суларын тиімді пайдалану және ұңғымаларды бұрғылау бойынша ауқымды жұмыстарды ескере отырып, Жамбыл облысы үшін өзекті болып отыр.

Asya sera компаниясы жылыжай құрылысына арналған берік конструкциялар шығару жобаларын ұсынды.

Өңір басшысы компанияларды Жамбыл облысында жоғары технологиялық өндіріс орындарын ашуға шақырып, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, оның ішінде жаңа кәсіпорындар үшін дайын өндірістік алаңдар беру туралы айтты.

Екі жақты кездесу барысында Ербол Қарашөкеев пен Мерсин провинциясының губернаторы Атилла Торос түрлі салалардағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту және кеңейту әлеуеттерін талқылады. Жамбыл облысының Мойынқұм, Шу аудандары мен Мерсин провинциясының Гюльнар және Силифке аудандары арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту туралы келісімдерге қол жеткізілд

  • 24.02.2025
  • 47
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика