• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қордай ауданында өткен жылы атқарылған шаруалар ауқымды.

Қордай ауданында өткен жылы атқарылған шаруалар ауқымды. Оған жергілікті тұрғындар да дән риза. Оған аудан әкімі Рүстем Дәулеттің есеп беру кездесуіне қатысу барысында көз жеткіздім. Есептік жиында Қордай ауданының тұрғындары ел Президентіне өз өңірлерінде орнаған бейбітшілік пен жалпы абаттандыру жұмыстары үшін алғыстарын білдірді. Әсіресе, тіршілігі түбегейлі өзгерген Масанчи ауылы тұрғындарының ризашылығы ерекше. .

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына тоқталған Рүстем Дәулет барлық салада оң динамика байқалғанын атап өтті. Айталық, өнеркәсіптің дамуы 17,8 миллиард теңге, ауыл шаруашылығы 66,2 миллиард, инвестициялар 40,6 миллиард, құрылыс 22,7 миллиард теңге пайда әкелген.

Шағын және орта бизнес бойынша 12200 адам жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 4634 қордайлыққа, 17 серіктестікке және 62 шаруа қожалығына 5,6 миллиардтан астам теңгеге несие берілген.

Басқосуда Сортөбе мешітінің имамы Губар Фаншаров пен Масанчи ауылының қоғамдық кеңесінің төрағасы Исхар Лоу өткен жылы атқарылған жұмыстарды, аудандағы ахуалды оң бағалалады. Сондай-ақ, өз кезегінде бірқатар тұрғындар көкейдегі сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Кездесуді қорытындылай келе, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының өсуіне сырттан мамандарды тарту арқылы емес, жергілікті жас кадрларға сүйене отырып, нақты қол жеткізу қажет екенін атап өттім.

Ауданда одан әрі де ілгерілеу үшін бәрі жеткілікті, енді біз жаңа мәселелерді шешуге дайынбыз. Ауыз сумен, электрмен, газбен және жаңа тұрғын үйлермен қамтамасыз ету – 2021 жылға арналған басым бағыттардің негізі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларын дамыту жайы да назардан түспеуі тиіс.

  • 26.02.2021
  • 377
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика