• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Көктем жақындап қалды.

Көктем жақындап қалды. Демек, облыс орталығының ирригациялық жүйелері дайын болуы тиіс. Осыған орай, жаңа маусымға дайындық мәселелері бойынша менің төрағалығыммен кеңес өтіп, онда бірқатар жайттар сараладық.

Өткен жылы облыс орталығының ирригация мәселелерімен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Мен бұл жүйелерді дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктегенмін.

Бүгінде облыс орталығында ұзындығы 82,5 шақырым болатын сегіз канал бар. Ал ирригациялық арықтардың жалпы ұзындығы 164 шақырымды құрайды. Оның ішінде 122,3 шақырымы лотоксыз арықтар десек, олардың 63,6 шақырымы жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ, лотокпен қамтылған 41,7 шақырым арықтардың 20,4 шақырымы да жөндеуге жатады. Ағымдағы жылы 50 шақырым лоток желісін орнату және жөндеу жоспарлануда, ал 2022 жылы 30 шақырым лоток желісі ауыстырылатын болады.

Өткен жылы қалалық ирригациялық жүйелерді тазалауға жергілікті бюджеттен 150 миллион теңге бөлінген. Жұмыстармен «Тараз-Ирригация» ЖШС айналысқан болатын. Биыл бұл мақсатқа 90 миллион теңге қажет.

Бұдан бөлек, каналдардың өзін абаттандыру жоспарлануда. Олардың бойында демалыс аймақтары салынатын болады. Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірге болашақ нысандардың эскиздері дайындалған. Мәселен, Қарасу-2 каналында салынатын демалыс аймағының ауданы 16,5 мың шаршы шақырымды құрайды, ал Үшбұлақ каналындағы 29,5 мың шаршы шақырым жер абаттандырылатын болады.

Жиын қорытындысымен,жұмыс тобына айдың соңына дейін каналдар мен арықтардың жай-күйі туралы есеп беруді тапсырдым.

  • 26.02.2021
  • 318
Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика