- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткіздім
Кеше азаматтардың жеке қабылдауын өткіздім. Қабылдауға кірген үш адам өзін толғандырған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерімен жүгінді.
Жеке қабылдау барысында Панфилов ауданының тұрғыны Ләйлә Мұхаева Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» жобасымен салынған жаңа мектепте оқитын 1 мыңнан астам баланың көпшілігі қаланың бір шетінде тұратындықтан, оқушыларға тасымал ұйымдастырылса деген ұсынысын айтты.
Осыған байланысты қаланың ішінде балаларын мектепке апарып-әкелуге мүмкіндігі жоқ, мектептен алыс тұратын отбасылар үшін автобус ұйымдастыру мәселесін қарастыру қажеттігін айтып, Панфилов аудандағы қолданыста бар автобустардың бірін аталған Жаркент орта мектебіне беру туралы тапсырма бердім.
Сол сияқты қабылдауға келген Талдықорған қаласының тұрғыны Г.Разбекова мен Ескелді ауданының тұрғыны С. Бақытжан тұрғын үйге қатысты мәселемен жүгінді. Оларға мемлекеттік қордан үй берудің заң аясындағы талаптары түсіндірілді.
- 27.02.2025
- 41