• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтоты Райымқұлова: Жамбыл әлемдік деңгейдегі жыр алыбы

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімінде ақынның ел басына күн туған сындарлы кезеңдегі азаматтық позициясын ерекше атап өтті.

«1913 жылы патша жандаралдары мен жергілікті болыстар Алматыда Ресей патшасы Романовтар тұқымының таққа отырғанының үш жүз жылдығына орай, айтыс ақындарын жинап, патшаны дәріптеу, өз саясатын халыққа жеткізу жағын ойластырады. Жандаралдардың осы пиғылына көнбеген Жамбыл ақын: «Әділі жоқ ояздар, Әділетін бұрады, Ақталықты ойланып, Есігіңде тұрады»,- деп жырлады.

Жамбылдың ұлт-азаттық көтерілісіне қосқан үні де алмас қанжардай өткір. Баршаңызға белгілі, 1916 жыл қазақ даласына тағы бір нәубет алып келді. Ресей империясы қазақтан соғысқа солдат алу саясатын жүргізді. Бүкіл қазақ даласында ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете түсті. Жетісуда Қарқара, Суықтөбе көтерілісі халық жадында қалды. Көтерілісшілер патшалық Ресейдің әділетсіз саясатына көнбей жазалаушы отрядтарға қарсы шықты. Бұл кезеңді Жамбыл «Зілді бұйрық» жырында суреттеді. «Осыған тірі отырып көнеміз бе! Іріктеп бар боздақты береміз бе?! Болмаса елдік қылып, тізе қосып, Батырға қол бастаған ереміз бе!» - деп жырлады.  

Жамбыл табиғат тарту еткен ақындық өнеріне адалдығын сақтап, өмір бойы өлеңіне арқау еткен ізгілік, өскен өлкеге деген перзенттік іңкәрлік, еңбек, бақытқа құштарлық секілді асыл мұраттарды жырымен кестелеп келді.

Майдан даласындағы миллиондаған адамдардың рухын қолдауға келгенде оның даусы екпіндей түсті. Жамбылдың «Ленинградтық өренім!» атты өлеңі ешқашан ұмытылмайды, жүректен өшпейді. Блокадада қалған халық оқ пен от арасында Жамбыл өлеңдерін көзіне жас ала оқыған екен.  Сол кездердегі басылым беттерін парақтасақ, ұлы ақын дамылсыз жалын атқан жырлары арқылы қаншалықты қайрат жиғаны, жауға қаһары мен зарын төккені, жеңіске, Отанды қорғауға шақырғаны айтылады. Қазір Санкт-Петербургте Жамбыл атындағы көше бар. Сол жерде ақын бабамызға қоладан құйылған тамаша ескерткіш қойылған.

Онда: «Ленинградцы, дети мои! Ленинградцы, гордость моя!»- деген өлең жолдары қашалып жазылып тұр.  Жамбыл жырлары Алатаудың арқыраған ақ бұлақтарындай құйылып келетін мінсіз үйлесімімен, ұйқас, ырғақ, бейне, теңеу байлығымен жаныңызды жарық нұрға бөлейді. Ақынның өз өлеңдеріне қандайлық қатаң талаппен қарағанын оның Ғали Орманов, Тайыр Жароков сияқты әдеби хатшыларының естеліктерінен де оқимыз. Жамбыл поэзиясы - алуан қырлы ақ алмастай асыл дүние. Ол қай салаға салғанда да тулаған тұлпардай, самғаған сұңқардай кемелдік көрсетеді.  

Жамбыл Жабаев – ХХ ғасырда әлемге қазақ деген халықтың асқақ атын шын мәнінде әлемге алғаш танытқан қайталанбас тұлға. Сан тілге аударылып, жер-жаһанға жайылған Жамбыл жыры халқымыздың атын әлемге әбден әйгілеген болатын. Жамбыл қазақ әдебиетіндегі туған халқының мақтанышы ғана болған жоқ, ол, әлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Өлеңдері дүниежүзінің 40-тан астам тіліне аударылған. Ақын шығармашылығы туралы әлемнің озық ойлы ақын-жазушылары Рабиндранат Тагор, Мартин Андерсен Нексе, Михаил Шолохов, Дайсен Каргерд, Алексей Новиков-Прибой тағы да басқа қайраткерлер жоғары баға берген еді»,-деді министр.

  • 26.02.2021
  • 282
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика