• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Oблыс әкімдігінде туризм мен спортты дамыту мәселелері талқыланды

Өңір басшысы Асайын Байханов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризм саласын экономикалық өсудің жаңа нүктесі ретінде айқындап бергенін атап өтті.

- Павлодар облысында туризмнің барлық түрлерін дамыту үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Өңірдің туристік әлеуетін толық ашып, туристік аймақтарға инфрақұрылымдық қолдау көрсетуді жалғастыру қажет. Жүйелі деңгейде туристер ағынын арттыруды жолға қою және қызмет көрсету деңгейін арттыру маңызды, - деді өңір басшысы.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Имашевтың айтуынша, өткен жыл жақсы көрсеткіштермен аяқталды. Ішкі туристер саны 13%-ға, нөмірлік қор 10%-ға, қызметтер көлемі 23%-ға өсті.

2024 жылы аталмыш салаға құйылған инвестициялардың көлемі 19,4 млрд теңгені құрады. Жоспарланған 10,05 млрд теңге, 93%-ға асыра орындалды.

2025-2027 жылдарға жалпы сомасы 17,5 млрд теңгеге инвестициялық жобалар пулы, оның ішінде 5,4 млрд теңгеге 8 инфрақұрылымдық жоба қалыптастырылды.

Талқылау барысында облыс әкімі туризм саласын дамытудың 2023-2028 жылдарға арналған бағдарламасында тиімділіктің жеткіліксіздігі мен бірыңғай тәсілдің жоқтығын сынға алып, нақты қажетті ұсыныстар енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшысы іс-шараларды ұйымдастыру сапасына, оның ішінде туристік маусымның ашылуына қатысты жағымсыз пікірлерді еске салып, іс-шаралар жоспарын қайта қарауды тапсырды.

Жиналыстың қорытындысы бойынша өңір басшысы 20 наурызға дейін туристік ақпараттық орталық құруды қарастыруды, «Туристік саланы дамытудың 2023-2028 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» жандандыруды тапсырды. 15 сәуірге дейін байланыс операторларымен бірлесіп интернет сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізу, 1 сәуірге дейін санитарлық-гигиеналық тораптардың жұмыс істеуін және күтіп-ұсталуын, қосымша қоқыс контейнерлерін орнатуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, жиналыста облыстағы бұқаралық спортты дамыту мәселелері де қаралды. Өңірде балалар мен жасөспірімдердің мемлекеттік спорттық тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға 2025 жылы 2,9 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. 11000-нан астам бала спортпен тегін айналысуда.

2025 жылы ваучерлер наурыз айында беріледі деп жоспарлануда.

Облыста 2200 спорт ғимараты бар. Ақсуда мұз аренасының, Успен ауданының Успен, Шарбақты ауданының Шалдай мен Галкино ауылдарында және Кенжекөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталды. 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2025 жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен жүзу бассейндерін салу бойынша 8 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Облыс әкімі 1 наурызға дейін әрбір қала мен аудан үшін нақты KPI бар спортты дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. 2025 жылдың соңына дейін спорт бойынша барлық негізгі индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету, 1 мамырға дейін кешенді республикалық спартакиада өткізу мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Қалалар мен аудандардың әкімдері 1 мамырға дейін көшедегі спорт ғимараттарын пайдалану қауіпсіздігіне тексеру жүргізуі қажет.

  • 03.03.2025
  • 31
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика