• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев әйелдер қауымымен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өңірдің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып жүрген нәзік жандылармен кездесті.

«Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында өткен еркін форматтағы шараға әртүрлі салада жемісті еңбек етіп, жетістікке жеткен ақжаулықты әжелер, еңбек адамдары мен ардагерлері, көпбалалы аналар, іскер қыз-келіншектер жиналды.

Өңір басшысы барша жамбылдық әйелдер қауымын мерейлі мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.

- Киелі Әулиеата жері қашан да ардақты әжелер мен асыл аналардың, еңбек майталманы атанған аяулы арулардың мекені болып қала бермек, – деді облыс әкімі.

Бұдан соң 83 жастағы еңбек адамы, 7 баланың анасы Хадиша Қадірәлиеваға сөз берілді. Ақжаулықты әже 21 немере мен 13 шөберенің қызғын көріп отыр. Ол еңбегі еленіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырғанын айта келе, қоғамда жұмысшы мамандықтарының мәртебесі арта беруін тіледі. 

Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Елдос Сметовтің анасы да ақ тілегін жеткізді.

- Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Ұл-қыздарымыз үмітімізді ақтап, еліміздің абыройын асқақтатсын! Әр шаңырақтан биік шыңдарды бағындыратын рухы мықты спортшылар шықсын! – дейді Тоқтагүл Сметова. 

- Ел үшін еселі еңбек еткен, жүйрік баптаған, баласы атқа қонса, тақымын қысып отыратын аяулы аналарға, замандастарға мәнді де мағыналы ғұмыр тілеймін! – деді білім саласында 45 жылдық тәжірибесі бар зейнеткер Шарбан Желдібаева.

Айта кетейік, бұл күні «Әулиеата ‒ кітап оқитын өңір» жобасы аясында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың «Қасиетті мекен», журналист Айжан Өзбекованың «Менің анам», тарихшы Ғазиза Ақмаханның «Мөп-мөлдір көздің қарасын...» атты кітаптары жарыққа шығып, аналарға гүл шоқтарымен бірге тарту етілді. 

Шара соңында қатысушылар облыс әкімімен естелік суретке түсіп, шат-шадыман көңіл-күйде тарқасты.

  • 11.03.2025
  • 50
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика