• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында бірқатар әйел-аналар марапатталды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының «Баласағұн» орталық концерт залында салтанатты жиын өтті.

​Мерекелік шарада облыс әкімі Ербол Қарашөкеев әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады.

​- Әйел бақыты – ана, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу.

​Бүгінде шежіресі мол, жарасымды дәстүрі жалғасқан өңірімізде 47 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Олардың 5 768-і «Алтын алқа», 11 683-і «Күміс алқа» иегері.

​Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп отырған аналарымызға мемлекет тарапынан қолдау шаралары тұрақты негізде жүргізілуде.

Батыр аналарымыздың арқасында өткен жылы 23 049 бала дүние есігін ашты, – деген облыс әкімі қызметпен қатар отбасының ұйытқысы, шаңырағының шырағына айналып отырған барша жамбылдық аналарға алғысын жаударды.

​Бұдан соң өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін әйел азаматтарына сый-құрмет көрсетілді.

​Атап айтқанда, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Күлжәмила Жолдасова «Парасат» орденімен, білім саласының ардагері Сара Молдашбаева, «Sapa education» балалар оқыту орталығының директоры Күнсая Әмірова, жеке кәсіпкер Рамиля Жаманақова, № 2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокстан жаттықтырушысы Әйгерім Сәттібаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

​Сонымен бірге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты және өзге де марапаттар табысталды.

​Шара соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

  • 11.03.2025
  • 44
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика