• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев Тараз қаласы Әулиеата ауданын аралады

Сейсенбі, 11 наурыз күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласы Әулиеата ауданы аумағындағы бірқатар нысандарды аралап, мәселелеріне көңіл бөлді.

Алдымен облыс әкімі Бектөбе тұрғын алқабындағы «Айгөлек» балабақшасына барды. Нысан 2010 жылы пайдалануға берілген, 65 балаға шақталған. Ғимаратқа келер жылы ағымдағы жөндеу жүргізіледі деп жоспарлануда.

Ербол Қарашөкеев Шайқорық ауылындағы 45 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. 2023 жылы пайдалануға берілген ғимаратта тұрғындарға бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіледі. Мекемеде 15 адам еңбек етеді, оның ішінде 1 дәрігер, 7 орта, 7 кіші буын медицина қызметкері бар.

Сонымен бірге өңір басшысы 2025-2026 жылдары аралығында ағымдағы жөндеуден өтетін Шайқорықтағы кіші футбол және street workout алаңын, Қоңыртөбе тұрғын алқабындағы кітапхананы аралады.

Тозығы жеткен нысандарды жаңғыртудан, жөндеуден өткізу мәселелеріне баса назар аударылды.

Бұдан соң Әулиеата ауданы әкімдігі уақытша орналасатын ғимаратты көрді. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, аудан әкімдігінің жаңа ғимараты «Ұлы дала» шағынауданынан салынады. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

- Қаланың екі ауданға бөлінуі – маңызды әрі тарихи оқиға. Бұл – 400 мыңнан асқан қала халқына мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсету үшін жасалған шешім. Осы орайда басқарудың тиімділігін тараздықтар сезінуі тиіс! Жаңадан қосылған тұрғын алқаптар мен елді мекендердің халқына қызмет көрсетуде ешқандай мәселе болмауы керек. Түйткілдер туындаған жағдайда оны жеделдетіп шешу – қала билігінің негізгі міндеті. Қажетті көмек көрсетіледі, — деді Ербол Қарашөкеев.

Аралау барысында Тараз қаласына қосылған елді мекендердің көше атауларына мән берілді.

- Жедел жәрдем, полиция қызметтеріне ауыртпашылық түсейін деп тұр. Қайталанған көше атауларын өзгерту бойынша нақты шаралар қабылдау керек. Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау – біздің міндетіміз! — деген Ербол Қарашөкеев Тараз қаласы әкімдігінің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын ескертіп, бірқатар тапсырма берді.

  • 11.03.2025
  • 56
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика