- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Кеше азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым
Қабылдауға келген азаматтардың арасында Сарқан ауданының тұрғыны Еркеш Денисламова қызының баспана мәселесімен жүгінді. Оның айтуынша, қызы тұрғын үй кезегінде 27-ші болып тұр. Яғни осы жылы мемлекеттік қордан пәтер алуға мүмкіндігі бар. Жоспар бойынша мамыр айына қарай Сарқан қаласында әрқайсысы 60 пәтерлік екі бес қабатты үйдің құрылысы аяқталады. Сөйтіп кезекте тұрған 120 отбасы, соның ішінде облыс әкімінің қабылдауына келген азаматтың қызы да жаңа пәтерге ие болады.
Талдықорған қаласының тұрғыны, көп балалы ана Гүлстан Абдуллаева бірнеше өтінішін жеткізді. Оған денсаулығы нашар қызының шетелдегі қымбат емінің ақысын төлеуге әлеуметтік көмек қажет, сондай-ақ үлкен қыздарының бірінің отбасы баспанасыз жүргеніне де көңілі алаң.
Тұрғындар көтерген барлық мәселелері бақылауда, туындаған әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және тұрмыстық мәселелер жауапты тұлғалар тарапынан заң аясында қарастырылып, шешілетін болады.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/955508?lang=kk
- 13.03.2025
- 33