• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Асайын Байханов қала ішінен өнеркәсіптік ауданға көшіп, орналасқан жерін өзгерткен «№1 автобус паркі» ЖШС-де болып қайтты

1957 жылы негізі қаланған кәсіпорынның 2023 жылы иесі ауысып, жаңа меншік иесі 2 жылдың ішінде тасымалдау сапасын жақсарту үшін автопарк пен оның инфрақұрылымын жаңартуға шамамен 10 млрд теңге инвестиция салды.

Компания өкілдері аймақ басшысына жаңартылған автобус паркін көрсетіп, жүргізушінің face id арқылы кәсіпорынға кіруінен бастап маршрутқа шығуына дейінгі толық жұмыс циклі туралы баяндады.

Асайын Байханов диспетчерлік және медициналық кабинеттің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, күн сайын 4-5 санаттағы механиктер мен слесарлар бригадасы жұмыс істейтін жөндеу аймағында болды. Кәсіпорында заманауи автоматтандырылған жуу және май ауыстыру, кең бокстар, өзінің жанармай құю бекеті жабдықталған, жүргізушілер үшін демалатын, тамақ ішетін, киім ауыстыратын, жуынатын, кір жуатын және т. б. бөлмелер қарастырылған.

Бүгінгі таңда кәсіпорынның 20 автобус бағытында 260 жүргізуші жұмыс істейді, ал автопаркте 2023-2024 жылдары шығарылған 130 автобус және 2019 жылғы 30 автобус бар.

- Мен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалына бағытталған субсидиялардың бизнестен кетпей, кәсіпорынды дамыту үшін қайта инвестицияланғанына қуаныштымын, - деп атап өтті облыс әкімі.

Құрылтайшының айтуынша, автопарк қала сыртына көшуден ұтты, өйткені бұрын қала тұрғындарынан үйлердің аумағында автобустардың жиналуына, таңертең және кешкі уақыттарда автобустардан шығатын газдар мен шуларға қатысты шағымдар жиі болатын.

- Жаңа база бұрынғыдан екі есе үлкен. Біз мамандандырылған автопаркті жоспарлап, іске асырдық. 2025 жылдың жоспарында қосымша 20 бірлік автобус сатып алу, шатырды, кіру тобын ауыстыру, 2-3 қабатты жөндеу, аумақты асфальттау, қызметкерлеріміз үшін барынша қолайлы жағдай жасау, - деді №1 автопарктің құрылтайшысы Ризван Цинаев.

  • 13.03.2025
  • 39
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика