• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбылдық мектеп оқушылары робототехника олимпиадасының халықаралық кезеңіне жолдама жеңіп алды

Жамбыл облысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның арқасында жамбылдық оқушылар ірі байқаулар мен жарыстарда топ жарып, өңір абыройын асқақтатып жүр.

Білім ошақтарында дарынды оқушыларды қолдауға, балалардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамытуға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге мол мүмкіндік бар.

Өткен жылы жамбылдық оқушылар халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 468 медаль еншіледі. Республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытындысы бойынша 15-ші жыл қатарынан «Үздік команда» деп танылды.

Жамбыл облысының командасы жалпы білім беретін пәндердің республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша жалпы есепте үздік атанды.

Қазақстан оқушыларының жазғы гимназиадасында 52 спорт түрінен Жамбыл облысы жалпы командалық есепте І орын иеленді.

WorldSkills Kazakhstan-2024 жұмысшы кәсіптерінің чемпионатында облыс студенттері «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша І орынды, «Бизнестегі ІТ шешімдер» құзыреттілігі бойынша ІІІ орын мен 11 үздік медальонды жеңді.

Дарынды оқушылар биыл да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінуде. Жыл басынан бері 343 оқушы республикалық олимпиадалар мен жарыстарға жолдама алды.

Ақпан айында Ақтөбе қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық ғылыми жобалар байқауының финалдық кезеңі өтті. Байқауға 33 жамбылдық 27 жоба ұсынып, оның 21-і жеңіске жетті.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының финалдық кезеңінде 12 оқушы жеңімпаз атанды (14 қатысушы – 13 жоба).

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХХ республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың байқауы ұйымдастырылды. Жамбыл облысынан 11 оқушы жеңімпаз атанды (13 оқушы – 12 жоба).

Ағымдағы жылдың 10-15 наурыз күндері Ақтау қаласында «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен химия және информатика пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті. 11 жамбылдықтың жетеуі жеңімпаз деп танылды.

2025 жылдың 20-24 ақпаны аралығында Алматы қаласында робототехникадан «Central Asia First Championship & Drone Racing» халықаралық ғылыми жобалар байқауы өтті. Жамбыл облысының құрамасы 3-орынға ие болды.

Сонымен бірге 15-16 наурызда елорда да робототехникадан «Fibonacci Robot Olympiad Kazakhstan» республикалық олимпиадасы өтті. Оған Жамбыл облысынан 109 оқушыдан тұратын 31 команда қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 25 команда (84 оқушы) сәуір айында Түркия Республикасында өтетін халықаралық кезеңге жолдама алды.

Қазіргі уақытта оқушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қызу дайындық үстінде. Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 34 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 26 оқушы қатысады.

  • 19.03.2025
  • 32
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика