- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Ахуал жеке бақылауымда тұр.
Меркі ауданында орын алған жағдайға байланысты ауданға келіп, ауруханада емделіп жатқан балалардың жай-күйімен таныстым.
Бұдан соң облыстық, аудандық жергілікті атқарушы және құзырлы органдардың басшылықтарының қатысуымен шұғыл кеңес өткіздім.
Жиын барысында жұмыс тобының және тиісті басшылардың ағымдағы жағдай бойынша есептері тыңдалды.
Қазіргі таңда 14 бала мен 1 ересек адам ауруханада, 9 бала үй жағдайында ем қабылдап жатыр. Ауруханаға жатқызылған балалардың 10-ы бөбекжай тәрбиеленушісі болса, 1-і үш айлық бүлдіршін, 3-і түрлі мектептердің оқушысы.
1 бала жан-жақты тексеру және ем алу үшін облыс орталығына жеткізілді.
Менің тапсырмаммен кеше жедел құрылған жұмысшы топ мүшелері, мамандар аталған «Нұрай» бөбекжай-бақшасының барлық тәрбиеленушілерінің үйлеріне барып, жағдайымен танысып, профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Жауаптыларға ауруханада қосымша төсек орны қажеттілікке байланысты дайын әрі дәрі-дәрмек қорының жеткілікті болуын ескерттім.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен тексеру жұмыстары басталып, барлық сынамалар алынған, қорытындысы күтілуде.
«Нұрай» бөбекжай бақшасының жұмысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін уақытша тоқтатылып, ата-аналарға ескертілді.
Құзырлы органның тексеру қорытындысына сәйкес жауапты тұлғалар бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Ахуал жеке бақылауымда тұр.
- 19.03.2025
- 36