• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі «Ой шебері» зияткерлік ойынының жеңімпаздарымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында: «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз» деп атап өткен болатын. Осыған орай «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Ой шебері» зияткерлік ойынының жеңімпаздарымен кездесті. 

Ұлттық нақышта киініп, жүздері бал-бұл жайнаған жеткіншектерді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Жанболат Нұрмолдаұлы жылы шырайда қарсы алып, ол өңірдің бас ғимараты туралы қызықты деректерімен бөлісіп,оқушыларға экскурсия жүргізді.

Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев кітап оқуға құштар, нағыз білімді әрі талапты оқушылармен кездесіп, сәттілік тіледі.

- Кітап – әрбіріміз үшін жаңа әлемнің есігін ашатын, ой-өрісті кеңейтетін және жүректі мейірімге бөлейтін құнды дос. Әрбір оқылған бет, алынған білім – Сіздерге өмірдің түрлі қыр-сырын ашып, өздеріңізді жан-жақты дамытудың негізі болары анық.

Бұдан әрі кітап оқуға деген сүйіспеншіліктеріңізді жоғалтпай, жаңа белестерді бағындырып, елдің мақтанышы бола беріңіздер, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде талантты жастар да облыс басшылығына деген ризашылығын жеткізіп, бұл кездесу оларға шабыт беріп, ынталандыра түсетінін айтып, әсерлерімен бөлісті.

Кітап сүйер жасөспірімдерге облыс әкімінің Алғыс хаты мен М. Әуезовтің «Абай жолы» романы тарту етілді. 

Кездесу соңында дарынды оқушылар облыс әкімімен естелікке суретке түсіп, жігерленіп, тамаша көңіл-күйде тарқасты.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы әкімдігі мен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі демеушілерді тарта отырып, 18 қаңтарда «Ой шебері» зияткерлік ойынын ұйымдастырды.

Оған Тараз қаласы мен аудандардан 90 команда (450 оқушы) қатысты.

Білім бәйгесіне қатысушыларға өңірден шыққан танымал жазушылар мен ақындардың шығармаларына қатысты сұрақтар қойылды. 

Нәтижесінде Байзақ, Меркі, Сарысу аудандарының намысын қорғаған мектеп оқушылары топ жарды. Жеңімпаз 3 командаға қаржылай сертификат табысталған болатын. 

6 кезеңнен тұратын тартысты бәсекеге қатысушылардың арасында 300 кітап оқыған Асқар Нұрмахан, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 250 өлеңін жатқа білетін Кәусар Қашқынбай, жүзден астам кітаптың тереңіне бойлаған Нұртілеу Сатыбалды секілді жас өрендер бар.

  • 26.03.2025
  • 39
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика