• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Астана Опера» театры елордалық дәрігерлерге арнап «Евгений Онегин» операсын сахналады

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 1 наурыз Алғыс айту күніне орай Мәдениет және спорт министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бірлесіп, елордалық дәрігерлерге арнап П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсын сахналады.

Театр ұжымы осынау күрделі кезеңде еңбегімен ерлік жасап жүрген дәрігерлерге алғыс білдіріп, елдің еңсесін тіктеуге үлес қосып жүрген жандарға құрмет көрсетті. Сонымен қатар медицина мекемесі қызметкерлерінің күнделікті күйбең тірліктен тынығып, әлемдік классиканың жауһары «Евгений Онегин» қойылымын тамашалау арқылы асқақ өнерге бір табан жақындай түсуге шақырды.

Кеште сөз алған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алғыс айту күнімен құттықтап, қоғамда дәрігерлер рөлі лайым жоғары тұратынын атап өтті.

«Мемлекеттің басты байлығы адам десек, әрбіріміздің аман-саулығымызды бақылайтын ол әрине, ақ халатты абзал жандар. Дәрігер деген – ең ұлы әрі қастерлі мамандық. Бүгінде әлем жұртшылығы осынау маңызды мамандық иелерінің көмегіне мұқтаж болып, соларға сенім артып отыр. Бүкіл әлем халқының үрейін алған пандемиядан халқымыздың денсаулығын сақтау үшін тынымсыз еңбек етіп, медициналық көмек көрсеткен ақ халатты абзал жандарға алғысымды білдіремін.

Бүгін «Астана Опера» театры ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп, Сіздерге арнап қайырымдылық акциясын өткізіп отыр.

Алғыс айту - ел басына күн туған сындарлы шақта бар мехнатты бірге еңсеріп, ғасырлар бойы сарыла күткен Тəуелсіздік таңының рауандауына тірек болған мызғымас ынтымағымызды ұлықтайтын күн. Көктемнің алғашқы таңымен бастау алатын мереке кезінде байтақ отанымыздағы этнос өкілдері қаранар қазақ халқына ілтипат көрсетіп, ортақ тарихқа тағзым етеді.

Денсаулық тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның байлығы. Қоғам байлығын қорғаушы - барша медицина қызметкеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздердей ақ халатты патриот- азаматтардың арқасында еліміз еңсесі биік, іргесі берік, дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінері сөзсіз»,-деді министр.

Операға «Астана Опера» солистері, оркестрі, хоры, балеті, мимансы және балалар студиясы қатысты. Қоюшы дирижер – театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ержан Дәуітов, қоюшы хореограф – Елена Шерстнева.

Естеріңізге сала кетейік, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» спектаклінің премьерасы елордалық театр сахнасында 2019 жылдың 8-9 ақпанында өткен еді.

  • 03.03.2021
  • 327
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика