• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Су тасқыны жағдайын бағалау үшін екі өңірге әуеден барлау жасалды

Өңір басшысы Асайын Байханов Павлодар облысының ТЖД басшылығымен бірлесіп, су басу қаупі бар деген Баянауыл ауданын, сондай-ақ, Қарағанды облысымен шектесетін аумақтарды әуеден тексеріп өтті.

Бүгінгі таңда аудандағы қардың қалыңдығы - 21 сантиметр және бұл өткен жылмен салыстырғанда 8-ге көп. Сондай-ақ, көктемгі кезеңде Ащысу, Айдос, Бала-Шідерті, Қарасу өзендері айтарлықтай қауіп төндіреді. Су деңгейінің күрт көтерілуі таулардағы қардың еруіне және Қарағанды облысынан Қарасу өзенінің сағасы бойымен ағып келетін еріген сулардың қозғалысына байланысты.

Тікұшақпен аралау кезінде өңір басшысы Ащысу бөгетінің жай-күйін тексерді. Бұған дейін оны нығайту және биіктігін көтеру бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. 1,6 км бойы бөгеттің сыртқы жақтары габиондармен нығайтылды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Асайын Байханов Қарағанды облысының басшысы Ермағанбет Бөлекбаевпен бірлесіп, көктемгі су тасқыны кезінде Баянауыл ауданының ауылдарына қауіп төндіретін Қарағанды облысының «Ақжар» және «Қаратоқа» бөгеттеріне тексеру жүргізді.

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданы мен Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылдық округінің шекара маңы аумағында жиналған қардың үлкен қоры қарқынды еріген кезде, сондай-ақ, «Ақжар» бөгеті толып, су жіберілген жағдайда ауданның 7 елді мекенін су басу қаупі төнуі мүмкін.

«Ақжар» бөгетінен ағып келетін судың негізгі арнасы Қ. Сәтбаев ауылынан 10-15 км жерде «Қаратоқа» бөгетінен ағып келетін судың арнасымен қосылады, осыған байланысты жақын маңдағы М.Жүсіп, Жаңатілек, Көкдомбақ, Қ. Сәтбаев, М. Шорман ауылдарының маңында гидропосттар жабдықталған.

Әуеден барлаудың нәтижесінде Қарағанды облысының «Ақжар» бөгетіндегі жағдайға мониторинг жүргізілді. Жобалық көлемі 4,2 млн текше метрді құрайтын су қоймасы бүгінгі күні 71%-ға толған.

«Қаратоқа» бөгеті Бұқар Жырау ауылынан 25 км қашықтықта орналасқан. 3 млн текше метр су сиятын бұл су қоймасы бүгінде 33%-ға толған.

«Қазгидромет» РМК Павлодар облысы бойынша филиалының деректеріне сәйкес өңірдің барлық аумағында күзгі кезеңде түскен жауын-шашынның мөлшері нормадан артық. Ертіс өзенінің гидропосттарында шұңқырлардың пайда болуымен мұздың қатып жатқаны байқалады.

Мамандардың болжамы бойынша облыс аумағындағы су тасқыны кезеңі 2 кезеңде өтеді: наурыздың 2-3 - онкүндігінде - қар ериді, ал сәуірдің 2-3 - онкүндігінде - су қоймаларының Жоғарғы-Ертіс каскадынан су жіберіледі.

Су тасқыны қаупі бар аумақтарды әуеден зерттеу ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтауға және барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік берді. Әуеден тексеру қорытындысы бойынша бейінді мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді, олардың орындалуы су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

Су тасқыны қаупі бар аймақтарды әуеден барлау қазіргі уақытта қабылданып жатқан шаралардың жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік беретіндігін көрсетті. Күштер мен арнайы техниканың қажетті резерві бар.

  • 26.03.2025
  • 26
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика