• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Oблыс әкімдігінде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы қаралды

Oблыс әкімдігінде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы, 1 тоқсандағы бюджеттің игерілуі, сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы және абаттандыру мәселелері қаралды.

Жиналыс кадрлық өзгерістерден басталды. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміне сәйкес Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Иран Шаметеков тағайындалды.

Иран Маратұлы 1975 жылы Қызылордада дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Д.А. Қонаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, бизнес әкімшілендіру магистрі, PhD докторы.

Әр жылдары жауапты лауазымдарда еңбек етті. Осы тағайындауға дейін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.

Жиналыста облыс әкімі Асайын Байханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзіне сәйкес бірқатар міндеттерді айқындап берді.

Сондай-ақ, 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму және бюджетті игеру болжамы қаралды. 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша өңірде базалық макро көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,9% деңгейінде тіркелген.

Өңдеу секторында 6%-ға және электрмен жабдықтау секторында, тау-кен өндірісі саласында - 97,3%-ға өсім байқалады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 13 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы кезеңнен 1,3 есеге көп. Ішкі сауда 25%-ға, көлік қызметтері 19,7%-ға өсті.

78,5 млрд теңгеге жоспарланған облыс бюджетінің шығындары  78,1 млрд теңгеге игеріліп, 99,5% құрады.

Одан кейін жиналыста көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы талқыланды. Болжамды егіс алқабы биыл 1 687,3 мың га құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 123,0 мың га артық. Жаңа егінге 164,5 мың тонна тұқым сақталған. Минералды тыңайтқыштардың көлемі - 122,3 мың тонна. Сондай-ақ, 27,6 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 мың тоннаға артық. Операторлық қызметтерді ескере отырып, 1 тонна отынның құны тоннасына 291 мың теңгені немесе литріне 244 теңгені құрады, бұл нарық құнынан 51 теңгеге төмен.

Өсімдік шаруашылығын қолдауға 4,1 млрд теңге субсидия бөлінді. «Бәйтерек» ҰБХ АҚ құрылымдық бөлімшелерімен несиелеуге 48,6 млрд теңге қарастырылған.

Өңір басшысы егіс жұмыстары басталғанға дейін жанар-жағармайды уақтылы субсидиялауды және жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Одан кейін жиналыста елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту мәселелері талқыланды. Биыл облыс қалаларында 18 саябақ пен сквер жабдықталады, оның ішінде Павлодар қаласының Усолка шағын ауданындағы эко-саябақтың құрылысы, Екібастұз қаласының Шахтер саябағын абаттандыру және облыс орталығының Лермонтов көшесін жөндеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, өңірдің үш қаласында 116 аула абаттандырылады. Сондай-ақ, Екібастұзда 28 білім беру нысанының аумағына асфальт төселеді, ал облыстың 20 ауылында бонустық қор есебінен абаттандыру бойынша 31 жоба іске асырылады.

Облыс әкімі «Таза Қазақстан» акциясының күнделікті нормаға айналуы керек екенін және тазалық пен тәртіпке күн сайын назар аудару қажеттігін атап өтті.

Асайын Байханов қалалар мен аудандардың әкімдеріне «Үздік ауыл, шағын аудан, аула» конкурсын өткізуді, «Таза Қазақстан» telegrambot бірыңғай өтінім беру платформасына түсетін өтініштерге жедел ден қоюды, облыстың қалалары мен аудандарын абаттандыруды бақылауда ұстауды тапсырды.

  • 26.03.2025
  • 34
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика