• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар Ертіс өңірінде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы кең көлемде тойлануда

Әкімдіктің алдындағы орталық алаңда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Наурыз мейрамын тойлау үшін мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары отбасыларымен бірге жиналды.

Ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар, бүркітшілер, шабандоздар, ұлттық киімдер мен түрлі-түсті фотоаймақтар мерекенің көркін кіргізді.

Концерттік бағдарлама табиғат ананың түрленіп, жаңа күннің бастауы болып саналатын Наурыз мейрамының мәні туралы театрландырылған қойылыммен басталды. Мерекенің басты кейіпкері - Қыдыр ата келіп, жақсылыққа ниет білдіріп, ақ батасын берді.

AGUGAI тобы, Мархаба Сәби, TURAR және Мадина Сәдуақасова өнерлерін көрсетіп, мерекені одан әрі жандандыра түсті.

Сондай-ақ, облыс әкімі Асайын Байханов та мерекеге қатысып, Қимақ кезеңінің, Қазақ хандығы кезеңінің бірегей экспонаттары қойылған «Тарих куәгерлері» атты көрме тақырыбындағы киіз үйге, сондай-ақ «Даналар үні», «Бірлігіміз жарасқан», «Заманға сай - Тouch panel», «Ән еркесі - Майра» және т. б. киіз үйлерге барды.

Биыл дүбірлі думан Наурызнама онкүндігі тұжырымдамасы аясында 10 күн бойы тойлануда. Әрбір күн белгілі бір тақырыпқа арналған және терең мазмұн-мәнге ие.

Павлодар Ертіс өңірінде Наурызды мерекелеу аясында облыс көлемінде 170 киіз үй тігілді.

  • 26.03.2025
  • 28
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика