- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым
Бүгін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым. Кезекті қабылдауға жазылған үш тұрғын жер және тұрғын үй мәселелері бойынша жүгінді.
Сарқан қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Н. Тазанова өзіне бір кездері пайға берілген жердің қазіргі даулы мәселесі жайлы баяндап, оны меншігіне қайтарып алғысы келетінін жеткізді. Мәселенің мәнісін анықтай келе, бұл істің түбегейлі тек сот арқылы шешілетінін айтып, бұл ретте аудан әкімдігіне ардагерге құқықтық жағынан кеңес беріп, заңдық тұрғыда қолдау көрсетуді тапсырдым.
Сол сияқты қабылдауда баспана мәселесін көтерген талдықорғандық екі тұрғынға тұрғын үй қатынастары туралы заңның талаптары түсіндірілді.
- 26.03.2025
- 49