- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2025 жылғы І тоқсанның отырысы өтті.
Отырыста білім беру саласында (колледждердің қызметі бойынша), әлеуметтік салада атқарылған жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар , сол сияқты комплаенс-қызметтердің (комплаенс-офицерлердің) қызметін бағалау нәтижелері туралы мәселелер қаралды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында аталған салалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің зерттеу нысаны болды.
Отырыс қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарын орындаудың нақты мерзімдері белгіленді. Жұмсалатын бюджет қаражатының ұтымдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару тапсырылды.
- 28.03.2025
- 13