• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі шалғай аудан халқының талап-тілегін тыңдады

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесті.

Ербол Қарашөкеев Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел дамуының басты бағыттарын айқындап бергенін атап өтіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мақсат-міндеттерге тоқталды.

Бұдан соң облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін қысқаша баяндап берді.

Өңірдің экономикалық өсімі 4,3 пайызды құрады.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,9 пайыз деңгейінде қалыптасты.

Ауыл шаруашылығы саласында 488,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 627 бірлік техника сатып алынып, жаңару деңгейі – 8,9 пайызды құрады.

506,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жалпы құны 214 млрд. теңгеге 35 жоба іске асырылды. Соның арқасында 1,5 мың жұмыс орны құрылды.

64 көпқабатты тұрғын үй (2 706 пәтерлі) пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 23,2 млрд. теңгеге 1 671 пәтер сатып алынды.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 62,7 мың адам тартылды.

Басқосуда аудан әкімінің есебін тыңдаған Ербол Қарашөкеев жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар құрудың маңыздылығын баса айтты.

– Мойынқұм ауданының бар мүмкіндігін пайдалана отырып, әлеуетті кәсіпкерлер мен инвесторларға жан-жақты қолдау көрсету маңызды, — деді облыс әкімі.

Сонымен бірге «Бірлік – Мойынқұм – Ұланбел» тас жолының жай-күйіне назар аударды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың айтуынша, аталған облыстық мәндегі жолдың шұңқырларын жамау жұмыстары 2 аптадан кейін бастау алады.

Кездесу барысында салық түсімін реттеу, кен орындарын тиімді игеру, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жобаларды қолдау, тауарлық несие беру мәселесіне басымдық берілді.

Аудан әкімдігіне балалар қауіпсіздігіне жіті көңіл бөліп, полиция департаментімен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және өзге де өзекті мәселелер бойынша нақты міндеттер қойылды.

Сұрақ-жауап бөлімінде мойынқұмдықтар бірқатар түйткілді сауалдарды көтеріп, ойларын ортаға салды.

Мәселен, ардагер Ғанаят Қашқынбеков аудандық ауруханада МРТ аппаратының жоқтығын айтып, өңір басшысынан мәселені шешуге ықпал етуін өтінді.

Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев денсаулық сақтау басқармасына медициналық аппаратты сатып алуды келесі жылдың жоспарында қарастыруды тапсырды.

Бұдан бөлек, азаматтар инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы саласы мен коммуналдық қызметтерге қатысты талап-тілектерін жеткізді.

Облыс әкімі халық көтерген сауалдарды мұқият тыңдап, заң талаптарына сәйкес жауап берді. Айтылған ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелер бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленеді.

Кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау жүргізіліп, мәселелерін шешу жолдары қарастырылды.

Облыс әкімі жұмыс сапары аясында Мыңарал ауылына ат басын бұрды.

Әуелі «Shagala Mining» ЖШС катодты мыс өндіру зауытының құрылыс барысын тексеріп, мәселелерді жеке бақылауына алды.

Сонымен бірге «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-ның инвесторы – франсуздық «Vicat group» компаниясының басшылық құрамымен кездесті.

Ербол Қарашөкеев компанияның құрметті президенті Жак Мерсерон-Виканы өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқаны үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасы және «Мойынқұм ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

  • 04.04.2025
  • 40
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика