• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау әлеуметтік бағытта өтеді

Облыстық әкімдікте өткен жиында тиісті басқармалардың басшылары Тәуелсіздік мерейтойы мен Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар туралы талқылады.

Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Азамат Байтеновтің мәлімдегеніндей, Павлодар облысының ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, бизнес, үкіметтік емес, жастар және еріктілер ұйымдарының өкілдері жыл бойына жалпыұлттық “Қайырымды істер марафонына" қатысады.

- Жастарды жұмыспен қамту мен әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударылатын болады. "Uzdik Maman" байқауы, жұмысшы жастар арасында сайыстар, техникалық колледждер базасында WorldSkills бойынша өңірлік чемпионат ұйымдастырылады. Сондай-ақ "Мерейлі отбасы", "Тәуелсіздіктің құрдастары" және "Ertis Daryny" байқаулары өтеді. Бұдан басқа, білім беру және зерттеу жобаларында еңбектеніп жүрген талантты жастарымызды ынталандыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады, - деді Азамат Байтенов.


Мерейтойлық күнтізбеге Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығын атап өту және Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шаралар енгізілді. Облыстың екі жетекші театры премьераларын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнайды. Ж.Аймауытов атындағы музыкалық драма театрында "Желтоқсан желі", А.Чехов атындағы драма театрында "Возрождение" спектаклі сахнаға шығады.

Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар туралы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова айтты. "Jebe" қоғамдық бірлестігі ұлттық нақыштағы киімдерді насихаттайтын "Ең әдемі киім – ұлттық киім" акциясын өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, өңірде үйді ұлттық нақышта безендіру бойынша "Шаңырақ Best" байқауы және "Наурыз көже" ұлттық тағамдарын дайындау сайысы ұйымдастырылады.

- "Ertis" өңірлік телеарнасында "Наурыз Думан" онлайн-концерттік бағдарламалары көрсетіледі", - деді Самал Бегалинова. - Көрермендерге өңірдегі аудан-қалалардағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен 8 концерттік бағдарлама ұсынылады. Концерттер 14-21 наурыз аралығында көрсетіледі. Ж.Аймауытова атындағы қазақ музыкалық-драма театры "Наурыз көктем" театрландырылған тележобасын ұсынады. Қойылым 22 наурызда "Ирбис" телеарнасында көрсетіледі.

19 наурызда "Көрпе Fest" этно-фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Қазақ ұлттық қолөнерін дәріптеу конкурсына кәсіби қолөнершілерден шеберлік сабақтарын алатын облыстың барлық аймақтарынан 200-ден астам қолөнершілер қатысады. 21 наурызда Павлодарда жерлесіміз, ақын, әнші және композитор Естай Беркімбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты өтеді. Осы күні Естай атындағы Мәдениет сарайында, Павлодардағы "Шаңырақ" орталығы, сондай-ақ облыстың басқа қалалары мен аудандарында өскелең ұрпақ арасында домбырада ойнауды дәріптейтін дәстүрлі ән орталықтары ашылады.

  • 03.03.2021
  • 302
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика