• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Асайын Байханов 2025 жылға жоспарланған құрылыс жобаларын іске асыру және дезинсекциялық іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша аппараттық жиналыс өткізді

Премьер-Министр Олжас Бектеновтың өңірге жасаған жұмыс сапары барысында айтылған міндеттерді шешуге ерекше назар аударылды.

- Премьер-Министр Президенттің өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларының іске асырылу барысымен танысып, энергетиканы дамыту мәселелері бойынша жиналыс өткізді, сондай-ақ, кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында түсті металлургия колледжіне барды. Әрбір нысанда Үкімет басшысы орындау мерзімімен нақты тапсырмалар берді, - деп атап өтті облыс әкімі.

Асайын Байханов бейінді басқармаларға осы тапсырмалардың орындалу барысын бақылауда ұстауды тапсырды.

Құрылыс басқармасының басшысы Асқар Ажмұрат 2025 жылға жоспарланған құрылыс жобаларын іске асыру туралы баяндама жасады.

2025 жылы жалпы сомасы 14 млрд теңгеге 42 нысанның құрылысы жоспарланған. Соның ішінде биыл 1765 пәтерге арналған ауданы 121,6 мың шаршы метрді құрайтын 11 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде: Павлодарда - 7 үй, Екібастұзда - 3, Ақсуда - 1 үй. Сондай-ақ, 3 млрд теңге қаражатқа жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйге арналған 217 пәтер сатып алу жоспарлануда.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Бәйет, Ивановка, Үштерек, Ленино, Құркөл, Мыңкөл ауылдарында 6 медициналық нысан аяқталады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Павлодар қаласында 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Сәуір айында «Достық» шағын ауданындағы мектептің құрылысы аяқталады. Гагарин көшесінің бойында салынып жатқан №47 мектептің еденін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысанды ағымдағы жылдың тамыз айында тапсыру жоспарланған. Сондай-ақ, жаздың соңына дейін №34 мектепке жапсарлай салынып жатқан қосымша ғимараттың да құрылысы аяқталады.

Аққулы ауданының Тілектес ауылындағы жаңа мектептің іргетасына шұңқыр дайындау жұмыстары орындалды. Биыл Павлодар ауданының Бірлік ауылында және Ертіс ауданының Қызылқақ ауылында мектептердің құрылысы басталады.

Сонымен қатар, облыстың ауылдарында 6 денешынықтыру-сауықтыру кешенін, 3 бассейн және 1 спорт кешенін салу жоспарлануда.

Талқылаудың қорытындысы бойынша Асайын Байханов құрылыстардың нормативтік мерзімдерін бақылауда ұстауды және мердігер ұйымдар тарапынан шарттық міндеттемелердің талаптары бұзылған жағдайда уақтылы талап-арыз жұмыстарын жүргізуді, бюджет қаражатын толық және уақтылы игеру бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

Дезинсекциялық іс-шараларды өткізу бойынша жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Сағын Төлеутаев баяндады.

Сәуір айының басынан бастап ғылыми сүйемелдеу қызметкерлері шыбын-шіркейдің даму кезеңдерін фенологиялық бақылауды бастайды.

Әуеден өңделетін алқаптың жалпы көлемі 172 мың га құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 мың га артық. Бұл жұмыстарға 10 бірлік АН-2 ұшағы жұмылдырылады, аэрозольді реттелетін дисперсия генераторларының санын көбейтеді.

Жалпы ұзындығы 1800 км Ертіс өзені мен оның арнасын өңдеу жұмыстары жалғасады.

Бұл өңдеу жұмыстары 3 мәрте 10 нүктеде жүзеге асырылады.

Облыс орталығының жағалауын, Усолка бөгетін және шаңғы базасын қоса алғанда, жағалау бойында орналасқан 60 елді мекенді күнделікті негізде тосқауылмен өңдеу соңғы кезең болады.

Қазгидрометтің алдын ала болжамы бойынша Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының аумағында 2025 жылдың сәуір айы жылы және жауын-шашынды болады деп күтілуде.

Осыған байланысты бассейндік инспекциямен бірлесіп жіберілетін судың көлемі пысықталып, кестесі әзірленді. Оған сәйкес жіберілетін судың жалпы көлемі - 7 км3 (3500 м3/сек - 11 тәулік бойы) шегінде болады. 8 сәуірде басталып, негізгі кезеңі 13 сәуірден 2 мамырға дейін 20 тәулікке жоспарланған. Жіберілетін судың бұл көлемі жайылма алқабының шамамен 85% басады деп болжануда.

  • 07.04.2025
  • 38
Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика