• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жылыту маусымының аяқталуына 10 күн қалды

Облыс әкімдігінде жылыту маусымының қорытындысы шығарылып, алдағы жазғы кезеңге жоспарланған жөндеу жұмыстары талқыланды.

2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы штаттық режимде өтті. Апаттық жағдайлар орын алған жоқ.

 - Қыс өткен екі жылдағыдай қатты аязды болған жоқ және ауа-райының да күрт өзгеруі орын алған жоқ. Және қалалардың да жақсы дайындалғанын атап өткен жөн. Жылу көздерін жаңғырту және желілерді жаңартудың арқасында жылыту маусымы тұтастай алғанда тұрақты өтуде. Халықтың шағымдарының саны 55%-ға азайды. Дегенмен, жылу көздері бойынша сұрақтар әлі де бар. Жаңа жылыту маусымына сапалы дайындалу үшін атқаратын көптеген жұмыстар күтіп тұр, - деп атап өтті облыс әкімі.

Өңір басшысы 1-ЖЭО-дағы апаттық тоқтаулардың өсу динамикасына және Ақсудың РОК-2 жылу көзіндегі негізгі жабдықтардың тоқтауына байланысты параметрлердің төмендеуіне назар аударды, бұл өз кезегінде тұрғын үйлерге жылудың жетіспеушілігіне әкелді.

Жиналыста «ЕЭК» АҚ директоры, ЖЭО-1, РОК-2 және Ақсу МАЭС «Энергетика» дивизионының бас операциялық директоры Дүйсен Мерғалиев негізгі себеп ЖЭО-1  №1, 5 және №6 қазандықтарының апаттық жөндеуге жиі шығуынан болғанын хабарлады. Осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін биыл ЖЭО-1 станциясының жөндеу жұмыстарына 13 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, негізгі қазандықтарды жөндеуден басқа, РОК-2 қосымша 1,5 млрд теңгеге қосалқы жабдыққа жөндеу жүргізеді.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзаиповтың ақпараты бойынша өңір тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, алдағы жылыту маусымында жылу желілеріндегі гидравликалық және температуралық режимдерді жақсарту үшін 16,1 млрд теңгеге 31 шақырымнан астам желіні жаңарту жоспарлануда. Павлодарда № 5 сорғы станциясын салу, 5 км магистральдық жылу желілеріне, 10,6 км квартал ішіндегі желілерге күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Екібастұзда ЖМ-2 және ЖМ-7 қайта жаңартылады және жылу желілері күрделі жөндеуден өтеді. Ақсу қаласының № 3, 5, 8 шағын аудандарының квартал ішіндегі жылу желілері қайта жаңартылып, жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі.

Облыстың энергия көздерінде 46 негізгі жабдықты жөндеу, 394 дербес және орталықтандырылған қазандықтарды жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Сонымен қатар, Асайын Байханов жабдықтардың істен шығуын болдырмау үшін биыл қазандықтарын ауыстыру немесе жаңарту жоспарланып отырған ауылдық жерлердегі қазандықтарды жылыту маусымы басталғанға дейін техникалық іске қосуды тапсырды.

Электрмен жабдықтау желілеріндегі апаттардың 2,5 есеге төмендегені тіркелді. Сондай-ақ, облыс бойынша барлық апаттық жағдайлардың 30%-ы Баянауыл ауданында орын алды.

Облыстың электр желілерін жаңғырту жөніндегі Жол картасы аясында 8 жобаны іске асыру көзделген, оның ішінде 3 жоба бойынша Баянауыл ауданының әкімдігі жобалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын аяқтады және ауданның 22 км электр желілерін жөндеуге бюджет қаражатын бөлу үшін бюджеттік өтінім берді.

Сонымен қатар, жөндеу науқаны аясында электр желілерінде 2,1 мың км электр қуатын тасымалдайтын желілер мен 712 бірлік жабдықты жөндеу жоспарланған.

Сумен жабдықтау және су бұру желілерінде биыл Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 18 км желіні күрделі жөндеу және қайта жаңарту жоспарланған.

Асайын Байханов коммуналдық мақсаттағы нысандарды қайта жаңарту мен жөндеуден кейін бұзылған жерлерді уақтылы қалпына келтірмегені үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.

«Павлодар жылу желілері» ЖШС бас директоры Марат Иманаев желілерде гидравликалық сынақтар жүргізу жоспарларын баяндады.

Павлодарда ең жоғары температуралық сынақтар 15 сәуірден, беріктікке сынау 24 сәуірден басталады. Екібастұзда температуралық сынақтар 15 сәуірден, гидравликалық сынақтар 17 сәуірден жоспарланған. Ақсуда температуралық сынақтар - 16 сәуірден бастап, гидравликалық сынақтар - 21 сәуірден бастап жүргізіледі. Жылыту маусымы алдындағы сынақтар 28 шілдеден 6 тамыз аралығында жоспарланған.

Өңір басшысы сынақ мерзімдерін түзетіп, оларды мамыр айының мерекелеріне дейін аяқтауды, тұрғындардың ыстық сусыз болатын мерзімін барынша қысқартуды тапсырды. Сондай-ақ, халық үшін тәуекелдерді болдырмау үшін сынақтардың өтуін бақылауға алуды, халыққа жөндеу жұмыстарының кестелерін алдын ала хабарлауды тапсырды.

Қалалар мен аудандардың әкімдеріне қазандықтарға, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне күрделі жөндеу жүргізу, әлеуметтік нысандар үшін көмір сатып алу және жеткізу, сондай-ақ, барлық нысандарды 1 қыркүйекке дейін дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, гидравликалық сынақтардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету және анықталған зақымдарды жою тапсырылды.

 

  • 07.04.2025
  • 39
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика